Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен жұптастыру мүмкін емес
-
Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын бір-бірінен ең көбі 1 м қашықтықта орналастырыңыз.
-
Apple iOS қолданылатын құрылғыларда осы құрылғы iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалардаBLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.
-
Динамик қосу немесе Party Chain сымсыз функциясын қолдану үшін
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтап тұрған динамикпен жұптастырыңыз. -
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жылдам жыпылықтап тұрмаса,
(қуат)/
PAIRING түймесін дауыстық нұсқау естіліп,
(BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жылдам жыпылықтай бастағанша басып тұрыңыз. -
Динамиктің бастапқы параметрлері орнатылғаннан кейін, iPhone/iPod touch құрылғысы динамикке жалғанбауы мүмкін. Мұндай жағдайда iPhone/iPod touch құрылғысындағы жұптастыру ақпаратын өшіріп, оларды қайтадан жұптастырыңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысы қосылғанын және құрылғыда BLUETOOTH функциясы іске қосылғанын тексеріңіз.
-
Динамик BLUETOOTH құрылғысында көрсетілмесе, құрылғыны өшіріп, одан кейін оны қайтадан қосыңыз. Осы әрекеттер мәселені шешуге көмектесуі мүмкін.

