BLUETOOTH күту функциясын қолдану

BLUETOOTH күту функциясы қосылып тұрған кезде, BLUETOOTH құрылғысын қолданғанда, динамик автоматты түрде қосылып, BLUETOOTH байланысын іске қосады.

Динамикті пайдаланудан бұрын, төмендегілерді ескеріңіз:

  • BLUETOOTH күту функциясы динамик USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда ғана қолжетімді болады. Динамик қуатын тек кірістірілген батареядан алып отырғанда, BLUETOOTH күту функциясы қолжетімді болмайды.

  • Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен алдын ала жұптастырыңыз. Жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаған болса, мысалы, динамик сатып алынғаннан кейін алғаш рет қолданылған кезде, динамик BLUETOOTH күту режиміне кірмейді.

  1. Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғаңыз немесе қосылған компьютерге жалғаңыз.
  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы ақ түспен жанады*.

    * (қуат) индикаторының түсі дыбыс режиміне байланысты өзгереді. Мәлімет алу үшін мына тақырыпты қараңыз.
    Индикаторлар туралы мәлімет

  3. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, iPhone құрылғысында, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.

    Music Center

  4. [SRS-XB22] құрылғысын түртіңіз.

  5. [Settings] тармағын түртіңіз.

  6. [Power Option] тармағын түртіңіз.
  7. [Bluetooth Standby] тармағын түртіңіз.
  8. BLUETOOTH күту режимін қосу үшін [ON] тармағын түртіңіз.

BLUETOOTH күту функциясын өшіру

BLUETOOTH күту режимін өшіру үшін -қадамдарды қайтадан орындаңыз.

Тұспал

  • BLUETOOTH күту функциясы іске қосылған кезде, динамик өшіп тұрғанда, (қуат) индикаторы сарғылт түспен жанады.