Бір уақытта жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғыларын (Бірнеше құрылғы байланысы) ауыстыру

Бір уақытта динамикке ең көбі 3 BLUETOOTH құрылғысын жалғауға болады. Бір құрылғыда музыка ойнатылып тұрғанда басқа құрылғылардың бірінде музыка ойнатыла бастаса, динамик шығару құрылғысын ауыстырып, дыбысты жаңадан жалғанған құрылғыдан шығара бастайды.

  • BLUETOOTH құрылғысына қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ ол құрылғылар тіркесіне байланысты жалғанбауы мүмкін. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  1. Динамикті қосу үшін оның (қуат)/PAIRING түймесін басыңыз.
  2. Динамикті смартфондар немесе iPhone құрылғылары сияқты BLUETOOTH құрылғыларымен жұптастырыңыз.

    A2DP/AVRCP арқылы бір уақытта ең көбі 3 BLUETOOTH құрылғысына жалғануға болады.

Ескерту

  • Динамик қосу немесе Party Chain сымсыз функциясын қолданған кезде, бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолдану мүмкін емес.

  • BLUETOOTH құрылғысына байланысты бір уақытта 3 BLUETOOTH байланысын орната алмауыңыз мүмкін.

  • Бірнеше құрылғы байланысы функциясы HFP (Hands-free Profiles) және HSP (Headset Profile) стандарттарымен үйлесімді емес. Сондықтан бірнеше құрылғы байланысы функциясын қолданған кезде, хендс-фри функциясын қолдана алмайсыз.

  • Бірнеше құрылғы байланысы функциясын өшіру мүмкін емес.

Бірнеше құрылғы байланысын өшіру

Динамикті өшіру үшін оның (қуат)/PAIRING түймесін басыңыз.