BLUETOOTH байланысын ажырату (пайдаланғаннан кейін)
BLUETOOTH құрылғысынан музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH байланысын ажырату үшін төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын өшіріңіз. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
-
BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
-
Динамикті өшіріңіз.
-
NFC стандартымен үйлесімді құрылғыны динамиктің N белгісі бар жеріне қайтадан тигізіңіз (құрылғыңызда NFC функциясы болса).
-
Динамик қосу немесе Party Chain сымсыз функциясын қолданған кезде, NFC стандартымен үйлесімді құрылғыны
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикке тигізіңіз.
(BLUETOOTH) индикаторы өшкен динамик BLUETOOTH байланысын ажырата алмайды.
-
Тұспал
-
Динамик қосу функциясын қолданып отырғанда бір динамикті өшірсеңіз, екінші динамик те автоматты түрде өшеді. Олардың арасындағы BLUETOOTH байланысы ажыратылады.
-
Музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH құрылғысына байланысты BLUETOOTH байланысы автоматты түрде ажыратылуы мүмкін.

