Тасымалы аудио құрылғыдағы, т.б. музыканы тыңдау

Тасымалы аудио құрылғыны, т.б. аудио кабельмен (сатып алуға болады) динамикке жалғау арқылы динамикті қолдануға болады.

  1. Құрылғыны AUDIO IN ұясына аудио кабельмен (сатып алуға болады) жалғаңыз.

    Жалғау үшін екі ұшында да стерео шағын ағытпалары (кедергісіз)*1 бар аудио кабельді қолданыңыз.

    *1 Кедергісі айтарлықтай аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдансаңыз, дыбыс деңгейі төмен болуы мүмкін. Сондықтан кедергісіз аудио кабельді (стерео шағын ағытпалары бар) қолдану керек.

  2. Динамикті қосыңыз.

    (қуат) индикаторы ақ түспен жанады*2.

    *2 (қуат) индикаторының түсі дыбыс режиміне байланысты өзгереді. Мәлімет алу үшін мына тақырыпты қараңыз.
    Индикаторлар туралы мәлімет

  3. Қосып, жалғанған құрылғыда ойнатуды бастаңыз.
  4. Жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеңіз.
  5. Дыбыс деңгейін реттеу үшін –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.

    –/+ (дыбыс деңгейі) түймелері басылған кезде, (қуат) индикаторы бір рет жыпылықтайды. Динамикте дыбыс деңгейін ең жоғары немесе ең төмен деңгейге орнатқан кезде, (қуат) индикаторы 3 рет жыпылықтайды.

Тұспал

  • Дыбыс естілмеген жағдайда жалғанған құрылғыда дыбыс деңгейін көтеріңіз.

  • Динамик пен мобильді телефон (смартфон/iPhone) арасында HFP/HSP арқылы орнатылған BLUETOOTH байланысы белсенді болса, динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанған тасымалы аудио құрылғыдағы музыканы тыңдап отырып, хендс-фри функциясын қолдануға болады.

Ескерту

  • AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғасаңыз, AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғының шығыс сигналы басым болып, BLUETOOTH құрылғысынан жіберілген дыбысты естімейсіз. (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып не жыпылықтап, BLUETOOTH күйін білдіреді. BLUETOOTH құрылғысынан дыбыс келмеуі динамиктің ақаулы екенінің белгісі емес.

  • Аудио кабель жалғанып тұрған кезде де, «Sony | Music Center» қолданбасында BLUETOOTH режиміне ауысып, BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған BLUETOOTH құрылғысында музыка тыңдауға болады.

  • AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы жалғап, музыка ойнатқан кезде, кідірту, келесі әннің басына өту және ағымдағы әннің басына өту сияқты әрекеттерді орындау үшін динамиктегі түймелерді қолдану мүмкін болмайды.

  • Су шашырайтын жерде AUDIO IN ұясын қолданбаңыз. Осы динамиктің бірге берілген аксессуарлары мен коннекторлары (USB/AUDIO IN) судан немесе шаңнан қорғалмаған.

  • Динамиктен аудио кабельді ажыратқаннан кейін, қақпақты толығымен жабуды ұмытпаңыз.