Динамикті зарядтау

Динамикті USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғау арқылы немесе кірістірілген батареямен қолдануға болады.

Динамикті алғаш рет қолданған кезде, қуатты қосудан бұрын, кірістірілген батареяны 1 сағаттан астам уақыт зарядтаңыз.

Қолданудан бұрын зарядтау арқылы динамикті кірістірілген батареямен қолдануға болады.

  1. Динамикті зарядтау үшін оны АТ розеткасына жалғаңыз.

    micro-USB кабелін (бірге берілген) динамиктегі DC IN 5V ұясына жалғаңыз, одан кейін екінші ұшын USB АТ адаптеріне жалғаңыз (сатып алуға болады). Содан кейін USB АТ адаптерін АТ розеткасына қосыңыз.

    Динамик шығыс тогы 500 мА не одан көп USB АТ адаптерін қолдайды (сатып алуға болады). Дегенмен шығыс тогы 1,5 А не одан көп USB АТ адаптерін және бірге берілген micro-USB кабелін не USB стандартына сәйкес келетін басқа micro-USB кабелін қолдану ұсынылады. Басқа құрылғыдан зарядталатынына кепілдік берілмейді.

    Зарядталып жатқан кезде, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанады.

    Есептелген зарядтау уақыты жалғанған USB АТ адаптерінің (сатып алуға болады) шығыс қуатына байланысты әр түрлі болады. USB АТ адаптерінің және micro-USB кабелінің түрі мен сипаттамасына байланысты зарядтау уақыты төменде көрсетілген уақыттан көбірек болуы мүмкін. Төменде көрсетілген уақыт температура мен пайдалану шарттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

    Төмендегі уақыт анықтамалық уақыт ретінде берілген.

    • 1,5 А ток бере алатын USB АТ адаптеріне (сатып алуға болады) жалғаған кезде:

      Зарядтау шамамен 4 сағатта* аяқталып, CHARGE индикаторы өшеді.

    • 500 мА ток бере алатын USB АТ адаптеріне (сатып алуға болады, мысалы, iPhone аксессуарлары) жалғаған кезде, оған кепілдік берілмейді, сондықтан оған 10 сағаттан* астам уақыт кетуі және зарядтау үшін өте көп уақыт қажет болуы мүмкін.

    * Динамик өшкен кезде, бос кірістірілген батареяны толық зарядтауға кететін уақыт.


    Зарядтау аяқталған кезде, қақпақты мықтап жабыңыз.

    Қақпақ су өткізбеу және шаң өткізбеу өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.

Зарядтаудың аяқталуын тексеру

Динамикті АТ розеткасына қосқан кезде кірістірілген батарея толығымен зарядталған болса, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанып, одан кейін шамамен 1 минуттан кейін өшеді.

Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның зарядын тексеру

Динамик қосылып тұрғанда, оның артқы жағындағы қақпақ астындағы BATT (батарея)/LIGHT түймесін басқаннан кейін, кірістірілген батареяның қалған қуатына байланысты динамиктен төменде көрсетілген дауыстық нұсқау шығарылады.

70% не одан көп: «Battery fully charged» (Батарея толық зарядталған)

50% не одан көп: «Battery about 70%» (Батарея шамамен 70%)

20% не одан көп: «Battery about 50%» (Батарея шамамен 50%)

10% не одан көп: «Battery about 20%» (Батарея шамамен 20%)

10%-дан аз: «Please charge» (Зарядтаңыз)

Литий-ион батареясының жарамдылық мерзімі (BLUETOOTH байланысын пайдаланғанда)

  • Шамамен 12 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 25 мәніне орнатылған кезде.

    Жарықтандыру функциясы өшірілген.

    Дыбыс режимі STANDARD режиміне орнатылған.

  • Шамамен 10 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі 25 мәніне орнатылған кезде.

    Жарықтандыру функциясы қосылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

    Дыбыс режимі EXTRA BASS режиміне орнатылған. (зауыттық әдепкі параметрлер)

  • Шамамен 3 сағат

    Динамиктің дыбыс деңгейі ең жоғары мәнге орнатылған.

    Жарықтандыру функциясы қосылған.

    Дыбыс режимі EXTRA BASS режиміне орнатылған.

    Кірістірілген литий-ион батареясының заряды таусылуға жақындаса, ішкі схеманы қорғау үшін максималды дыбыс деңгейі шамамен екі есе азайтылады. Бұл сипаттамаға сәйкес.

    Осы жерде келтірілген пайдалану мерзімінде музыканы шамамен жартылай дыбыс деңгейінде ойнату жағдайы да ескерілген.

Жоғарыда көрсетілген кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі біз белгілеген музыка көзін қолданып өлшенген.

Дыбыс деңгейіне, ойнатылған әндерге, айнала температурасына және қолдану жағдайларына байланысты іс жүзіндегі жұмыс істеу мерзімі тізімде көрсетілгеннен өзге болуы мүмкін.

Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде

Дауыстық нұсқауда «Please charge» (Зарядтаңыз) деп айтылып, CHARGE индикаторы және(қуат) индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек.

Тұспал

  • Динамикті қосылған компьютерге micro-USB кабелімен жалғау арқылы да зарядтауға болады. Дегенмен барлық компьютерлермен жұмыс істейтініне кепілдік берілмейді. Сондай-ақ үйде құрастырылған компьютерлерге жалғау әрекеттері кепілдікпен қамтылмайды.

  • Пайдаланылып жатқан динамикті ол USB АТ адаптерімен (сатып алуға болады) АТ розеткасына жалғанып тұрғанда немесе қосылған компьютерге жалғанып тұрғанда зарядтауға болады. Мұндай жағдайда динамик өшіп тұрғанда зарядтаумен салыстырғанда, пайдалану шарттарына байланысты кірістірілген батарея ұзағырақ зарядталуы мүмкін. Сондықтан зарядтаған кезде динамикті өшіріп қойған жөн.

Ескерту

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Динамикті зарядталып жатқанда қолданғыңыз келсе, оның дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Немесе динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Динамикті ұзақ уақыт жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Соның салдарынан дыбыс деңгейі төмендейді. Бұл ақаулық емес. Динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.

  • Аса суық немесе ыстық жерде зарядтау қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтайды. Зарядтауға көп уақыт кетсе, динамиктің зарядталуы да тоқтайды. Осы мәселелерді шешу үшін micro-USB кабелін ағытып, 5 °C–35 °C аралығындағы жұмыс температурасында оны қайта жалғаңыз.

  • Динамикке су шашырайтын жерде зарядтамаңыз.

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.