Қуатты қосу

  1. (қуат) түймесін басыңыз.

    (қуат) индикаторы жасыл түспен жанады және (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен баяу жыпылықтайды.

    Динамикте жұптастыру ақпараты болмаса, мысалы сатып алғаннан кейін BLUETOOTH функциясын алғаш рет қолданған кезде, (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен екі рет жыпылықтап тұрады.

Ескерту

  • Дауыстық нұсқауда «Low Battery, Please Recharge Speaker» (Батарея заряды аз, Динамикті қайта зарядтаңыз) деп айтылып, CHARGE индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды.

  • Қалған батарея заряды динамикті қосу мүмкін болмайтын деңгейге дейін төмендегенде, (Please Recharge Speaker. Power Off. (Динамикті қайта зарядтаңыз. Қуатты өшіру.)) дауыстық нұсқауы естіліп, динамик автоматты түрде өшеді. Мұндай жағдайда динамикті зарядтаңыз.

  • Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет сарғылт түспен жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.