Дыбыс жоқ/тек бір динамиктен дыбыс шығады/дыбыс деңгейі төмен/дыбыс бұрмаланады/динамиктен быжылдаған дыбыс не шу естіледі/қоңырау шалушылардың дауысы естілмейді не ақырын естіледі

  • Динамик те, жалғанған құрылғы да қосылып тұрғанын тексеріңіз.

  • Динамиктің және жалғанған құрылғының дыбыс деңгейін көтеріңіз.

  • Жалғанған BLUETOOTH құрылғысына байланысты, BLUETOOTH құрылғысында дыбыс деңгейін реттеу нәтижесінде динамиктің дыбыс деңгейі өзгермеуі мүмкін (яғни(қуат) индикаторы жыпылықтамайды).

    Динамиктің дыбыс деңгейі төмен болып көрінген кезде, BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін тиісті деңгейге реттеп, одан кейін динамиктің дыбыс деңгейін динамиктегі -/+ (дыбыс деңгейі) түймелерімен реттеңіз.

  • Жалғанған құрылғыдан дыбыс ойнатылып тұрғанын тексеріңіз.

  • Компьютерде бейне қоңырау қолданбасын пайдалану үшін компьютерде BLUETOOTH профилін HFP мәніне өзгертіңіз.

    Бейне қоңырау кезінде дыбыс сапасы байланыс желісінің жағдайына байланысты нашарлауы мүмкін.

  • BLUETOOTH режимінде ойнатқан кезде AUDIO IN ұясынан аудио кабель ағытылғанына көз жеткізіңіз.

  • AUDIO IN режимінде ойнатқан кезде AUDIO IN ұясына аудио кабель мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.

  • Динамикке компьютерді жалғаған болса, компьютердің аудио шығыс параметрі BLUETOOTH құрылғысына орнатылғанына көз жеткізіңіз.

  • Динамик BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатқанын тексеріңіз.

  • Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын қайтадан жұптастырыңыз.

  • Стерео режимде жұптастыру функциясы немесе Сауық кешінде жалғау функциясы үшін BLUETOOTH байланысы арқылы бірнеше динамикті жалғаудан бұрын, әрбір динамикте ала орнатылған бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.

  • AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғы монофондық болса, дыбыс тек сол жақ динамик компонентінен шығарылуы мүмкін (сол арна).

  • Жалғанған құрылғының эквалайзер функциясы болса, оны өшіріңіз.

  • Динамикті микротолқынды пештен, сымсыз LAN құрылғыларынан, т.б. аулақ ұстаңыз.

  • BLUETOOTH құрылғысын динамикке жақындатыңыз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы арасында қандай да бір кедергі болса, оны алып тастаңыз.

  • CHARGE индикаторы баяу жыпылықтаса, динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Кірістірілген радиосы немесе тюнері бар құрылғыны динамикке BLUETOOTH арқылы жалғау мүмкін емес, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.

  • Динамикті теледидардан, радиодан немесе тюнерден, т.б. алысырақ орналастырыңыз, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.

  • Стерео режимде жұптастыру функциясын, Сауық кешінде жалғау функциясын немесе телефон қоңырауы функциясын қолданған кезде, BLUETOOTH тінтуірі не BLUETOOTH пернетақтасы сияқты кез келген басқа BLUETOOTH құрылғысы (-лары) BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұрса, олардың арасындағы байланысты ажыратыңыз.

  • Кейбір BLUETOOTH құрылғыларының BLUETOOTH байланысының сапасын өзгертуге болады. Құрылғыңыз осы функциямен үйлесімді болса, BLUETOOTH байланысының сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» таңдаңыз. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • Динамиктің BLUETOOTH байланысының сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» таңдаңыз.

  • Жалғанған құрылғыға «Sony | Music Center» қолданбасының ең соңғы нұсқасын орнатыңыз. «Sony | Music Center»қолданбасының ең соңғы нұсқасын қолдану немесе динамик пен BLUETOOTH құрылғысын BLUETOOTH байланысы арқылы жалғау мүмкін болмаса, «Sony | Music Center» қолданбасын жойып, оны қайтадан орнатыңыз.

  • Қоңырау қабылдаған/шалған кезде, BLUETOOTH құрылғысының шығысы динамикке орнатылғанын тексеріңіз.

  • Жалғанған BLUETOOTH құрылғысында қолданылып жатқан қолданбаға байланысты ешқандай дыбыс естілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қолданбаны жауып, оны қайта іске қосыңыз. Осының арқасында мәселе шешілуі мүмкін.