Музыканы 2 динамикпен сымсыз тыңдау (Стерео режимде жұптастыру функциясы)

Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану үшін 2 SRS-XG300 динамик қажет. 2 динамикті BLUETOOTH байланысы арқылы жалғап, қуаттырақ дыбысты тыңдай аласыз.

BLUETOOTH арқылы жалғанған 2 динамик дыбыстарды стерео режимде ойнатады, сол кезде 1 динамик дыбысты оң арнада (оң жақта), ал екінші динамик дыбысты сол арнада (сол жақта) ойнатады.


Динамикті пайдаланудан бұрын, төмендегілерді қамтамасыз етіңіз:

  • Функцияға жалғау үшін әрбір динамиктегі алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.

    (Жаңарту процедурасы туралы мәлімет алу үшін Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту бөлімін қараңыз.)

  • Функцияға жалғанатын 2 динамик бір-бірінен 1 м жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.

  • Музыка ойнатылып жатса, оны тоқтатыңыз.

«Sony | Music Center» қолданбасымен Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін қолданылатын байланысты орнатуға немесе ажыратуға болады.

«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:

https://www.sony.net/smcqa/

Ескерту

  • Стерео режимде жұптастыру функциясы қолданылып жатқанда, динамик аудио кабельмен AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғыда ойнатылып жатқан музыка шығара алмайды.

  • Динамик AUDIO IN режимінде тұрғанда, оны «Sony | Music Center» қолданбасымен де Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін реттеуге болады. Дегенмен реттеп болғаннан кейін, динамик автоматты түрде BLUETOOTH режиміне қойылады.

  • AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы немесе соған ұқсас басқа құрылғы жалғанған кезде, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне қойылып, Стерео режимде жұптастыру функциясы өшіріледі.

  • Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін, BLUETOOTH құрылғысымен байланыс орнатудан бұрын, динамиктің және BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін төмендетіңіз немесе BLUETOOTH құрылғысында музыканың ойнатылуын тоқтатыңыз.

Тұспал

  • Стерео режимде жұптастыру функциясы қолданылған кезде, кодек автоматты түрде SBC кодегіне ауысады.

  • Динамиктерді өшірген кезде, Стерео режимде жұптастыру функциясы өшпейді. Динамиктердің біреуі қайта қосылған кезде, ол Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатуға әрекет жасайды. Стерео режимде жұптастыру функциясын қолдану үшін екінші динамикті 1 минут ішінде қосыңыз. Дегенмен BLUETOOTH күту функциясы екі динамикте де іске* қосылып тұрған кезде, динамиктердің біреуі қосылса, екінші динамик те қосылып, динамиктер арасында Стерео режимде жұптастыру функциясы үшін байланыс орнатылады.

    * Динамик бірге берілген айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, BLUETOOTH күту функциясы қосылып тұрады.