Бірнеше динамикпен сымсыз ойнатылған музыканы тыңдау (Сауық кешінде жалғау функциясы)
Сауық кешінде жалғау функциясымен үйлесімді бірнеше динамикті (ең көбі 100 динамик) BLUETOOTH байланыстары арқылы жалғап, музыка тыңдауға болады.
Party Chain сымсыз функциясымен үйлесімді құрылғыларды жалғау үшін қолдануға болмайды.
Сауық кешінде жалғау функциясымен үйлесімді құрылғылар*:
LSPX-S3, SRS-XP700, SRS-XP500, SRS-XG500, SRS-XG300, SRS-XB43, SRS-XB33, SRS-XB23, SRS-XE300, SRS-XE200
* Еліңізге немесе аймағыңызға байланысты кейбір үйлесімді құрылғыларды сатып ала алмауыңыз мүмкін.
Динамикті пайдаланудан бұрын, төмендегілерді қамтамасыз етіңіз:
-
Функцияға жалғау үшін әрбір динамиктегі алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.
(Жаңарту процедурасы туралы мәлімет алу үшін Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту бөлімін қараңыз.)
-
Функцияға жалғанатын барлық динамиктер 1 м жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
-
Музыка ойнатылып жатса, оны тоқтатыңыз.
-
Динамикті Сауық кешінде жалғау функциясы үшін реттеу үшін «Sony | Music Center» қолданбасын пайдаланыңыз.
«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:
-
BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін орташа мәнге реттеңіз.
Сол музыка барлық динамиктерден ойнатылады.
BLUETOOTH құрылғысында немесе құрылғыға (бірінші ретінде орнатылған динамик) жалғанған динамикте дыбыс деңгейін реттеген кезде, барлық динамиктердің дыбыс деңгейлері автоматты түрде реттеледі. Басқа динамиктердің (екінші не одан кейін динамик жинағы) әрбірінде де дыбыс деңгейін реттей аласыз.
Сауық кешінде жалғау функциясын «Sony | Music Center» қолданбасының орнына тікелей динамикке орнату үшін
Егер сіз «Sony | Music Center» көмегімен Сауық кешінде жалғау функциясын реттей алмасаңыз, динамиктің бағдарламалық құралын соңғы нұсқаға жаңартыңыз. Содан кейін оны динамиктегі түймелер арқылы орнатуға болады.
-
SRS-XG300 бірінші динамик ретінде орнатыңыз.
-
Динамикті қосыңыз.
-
Динамикті BLUETOOTH құрылғысымен қосыңыз.
-
Динамиктегі
(BLUETOOTH) түймесі мен + (дыбыс деңгейі) түймесін бір уақытта шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.Сіз динамиктен хабарландыру дыбысын естисіз.
-
-
Екінші не одан көп динамикті жалғау.
-
Динамикті қосыңыз.
-
Динамиктегі
(BLUETOOTH) түймесі мен + (дыбыс деңгейі) түймесін бір уақытта шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.*
Сіз динамиктен хабарландыру дыбысын естисіз және ол бірінші динамикке қосылады.
* Бұл операция SRS-XG300 үлгісі болып табылады. Операция үлгіге байланысты өзгереді. Толық ақпаратты динамиктің Көмекші нұсқаулық қараңыз.
-
-
Орнату аяқталғаннан кейін BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз және дыбыс деңгейін орташа деңгейге реттеңіз.
-
Сауық кешінде жалғау функциясын тоқтату үшін бірінші динамиктегі
(BLUETOOTH) түймесі мен + (дыбыс деңгейі) түймесін бір уақытта шамамен 5 секунд басып тұрыңыз.
Жалғанған BLUETOOTH құрылғысын не динамикті ауыстыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын тоқтату үшін
Ең алдымен музыканы тоқтатыңыз.
Тұспал
-
Динамиктің жарықтандыру режимі бірінші динамик ретінде реттелген динамиктің түріне байланысты өзгереді.
-
Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, кодек автоматты түрде SBC кодегіне ауысады.
Ескерту
-
Сауық кешінде жалғау функциясы қолданылып жатқанда, динамик аудио кабельмен AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғыда ойнатылып жатқан музыка шығара алмайды.
-
Динамик AUDIO IN режимінде тұрғанда, оны «Sony | Music Center» қолданбасымен де Сауық кешінде жалғау функциясы үшін реттеуге болады. Дегенмен реттеп болғаннан кейін, динамик автоматты түрде BLUETOOTH режиміне қойылады.
-
AUDIO IN ұясына тасымалы аудио құрылғы немесе соған ұқсас басқа құрылғы жалғанған кезде, динамик автоматты түрде AUDIO IN режиміне қойылып, Сауық кешінде жалғау функциясы өшіріледі.
-
Сауық кешінде жалғау функциясымен фильм қараған кезде, бейне мен аудио арасында кешігу болуы мүмкін.

