Дауыстық көмек функциясын пайдалану (Siri)

iPhone құрылғысында алдын ала орнатылып тұратын Siri функциясын қолдану арқылы динамиктің микрофонына сөйлеп, iPhone құрылғысын басқара аласыз.

Төменде Siri функциясын қолдану жолы көрсетілген.

  1. Siri функциясын қосыңыз.

    iPhone құрылғысында [Settings] - [Siri & Search] тармағын таңдап, [Listen for “Hey Siri”] опциясын қосыңыз.

    Жоғарыдағы процедура мысал ретінде берілген. Толық мәлімет алу үшін iPhone құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    Siri туралы мәлімет алу үшін iPhone құрылғысының пайдалану нұсқауларын не қолдау сайтын қараңыз.

  2. Динамикті iPhone құрылғысына BLUETOOTH байланысы арқылы жалғаңыз.
  3. Динамик iPhone құрылғысына BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда және iPhone құрылғысы күту режимінде тұрғанда не музыка ойнатып жатқанда, (ойнату)/(қоңырау) түймесін шамамен 2 секунд басып тұрыңыз.

    Siri іске қосылып, сізге іске қосылу дыбысы естіледі.

  4. Динамиктің микрофоны арқылы Siri функциясына сұрау жолдаңыз.

    Siri функциясымен жұмыс істейтін қолданбалар сияқты Siri функциясына қатысты мәліметтерді алу үшін iPhone құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

Ескерту

  • Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • iPhone құрылғысының [Listen for “Hey Siri”] параметрі қосылған болса да, динамик микрофоны арқылы «Hey Siri» деп айтқан кезде, Siri іске қосылмайды.