BLUETOOTH байланысы арқылы музыка ойнату сапасын таңдау (кодек)

BLUETOOTH байланысының сапасы үшін динамикте «Дыбыс сапасына басымдық беру» және «Тұрақты байланысқа басымдық беру» таңдаулы параметрлері бар. «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметрі жоғары сапалы дыбысты ойнату үшін SBC кодегімен ғана емес, AAC және LDAC кодектерімен үйлесімділікті қамтамасыз етеді, ал «Тұрақты байланысқа басымдық беру» таңдаулы параметрі одан тұрақты BLUETOOTH байланыстары арқылы музыка ойнатуға мүмкіндік береді. Сатып алған кезде, «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалып тұрады.

Қолдау көрсетілетін кодектер

  • Дыбыс сапасына басымдық беру (әдепкі параметр): AAC, LDAC және SBC арасында автоматты түрде оңтайлы кодек таңдалады.

  • Тұрақты байланысқа басымдық беру: SBC таңдалады.

  1. Динамикті қосыңыз.

    (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды*.

    * Бұдан бұрын динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғысы жақын жерде тұрса, динамик сол құрылғыға автоматты түрде жалғануы мүмкін. Мұндай жағдайда динамиктегі (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанады.

  2. BLUETOOTH байланысының сапасын өзгертіңіз.

    Динамиктегі түймелерді қолданған кезде

    1. (ойнату)/(қоңырау) түймесін және (BLUETOOTH) түймесін шамамен 2 секунд бір уақытта басып тұрыңыз.

      Параметр «Тұрақты байланысқа басымдық беру» таңдаулы параметріне өзгертілгенде, (қуат) индикаторы жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

      Параметр «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметріне өзгертілгенде, (қуат) индикаторы жасыл түспен екі рет жыпылықтайды.

      Динамик BLUETOOTH құрылғыларына жалғанып тұрған кезде, барлық байланыстар автоматты түрде ажыратылып, қайтадан орнатылады да, жаңа параметрлер қолданылады.

    Тұспал

    • Динамик бірге берілген айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, динамик өшіп тұрса, BLUETOOTH байланыс сапасын өзгертуге болады.

    «Sony | Music Center» қолданбасын қолданған кезде

    1. Динамикті смартфон сияқты BLUETOOTH құрылғысымен жұптастырыңыз.

      BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіледі.

    2. Қолданбаны іске қосу үшін смартфонда, т.б. [Music Center] белгішесін түртіңіз.

      Music Center

    3. [SRS-XG300] құрылғысын түртіңіз.

    4. [Settings] - [Sound] - [Bluetooth Connection Quality] тармағын түртіп, [Priority on Sound Quality] немесе [Priority on Stable Connection] опциясын таңдаңыз.

    5. BLUETOOTH құрылғысымен орнатылған байланысты ажыратып, қайтадан байланыс орнатыңыз.

      Таңдаулы параметр күшіне енеді.

Тұспал

  • Стерео режимде жұптастыру функциясын немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, кодек автоматты түрде SBC кодегіне ауысады.

Ескерту

  • «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалып тұрған кезде, BLUETOOTH құрылғысының параметріне және қоршаған орта шарттарына байланысты шу немесе дыбыстық кедергі пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH байланысының сапасын «Тұрақты байланысқа басымдық беру» таңдаулы параметріне өзгертіңіз.