«Sony | Music Center» қолданбасының функциялары

«Sony | Music Center» — «Sony | Music Center» қолданбасымен үйлесімді Sony аудио құрылғыларын смартфоннан, т.б. басқаруға арналған қолданба.

«Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін мына URL мекенжайына кіріңіз:

https://www.sony.net/smcqa/

«Sony | Music Center» қолданбасымен динамикте орындауға болатын әрекеттер

  • Сауық кешінде жалғау функциясын реттеу

  • Стерео режимде жұптастыру функциясын реттеу, оң (оң жақ) және сол (сол жақ) аудио арналардың орындарын ауыстыру

  • Дыбыс сапасын және эквалайзерді реттеу

  • Кірістірілген батарея зарядын көрсету

  • Қуатты басқару опциясы параметрлері (STAMINA, Battery Care режимі, Автоматты күту режимі функциясы, Bluetooth күту режимі функциясы, Батарея заряды (дауыс) және Қуатты қосу/өшіру дыбысы)

  • Жарықтандыру (Жарықтандыру) параметрі (Lighting Mode параметрін ауыстыру)

  • Аудио сигнал көзін ойнату үшін BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанған құрылғы және AUDIO IN ұясына жалғанған құрылғы арасында ауыстыру

  • Bluetooth байланысының сапасы параметрін ауыстыру (Дыбыс сапасына басымдық беру/Тұрақты байланысқа басымдық беру)

  • Көп нүктелі байланысты (2 BLUETOOTH құрылғысына бір уақытта жалғану) басқару

  • Динамиктің бағдарламалық құралына арналған жаңартуды немесе бағдарламалық құрал нұсқасын көру

  • BLUETOOTH құрылғыларына байланыс орнату және орнатылған байланыстарды ажырату әрекеттері

және т.б.

Ескерту

  • «Sony | Music Center» қолданбасымен басқаруға болатын әрекеттер жалғанған құрылғыға байланысты әр түрлі болады. Қолданбаның сипаттамалары мен дизайны ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

  • Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • «Sony | Music Center» қолданбасының ең соңғы нұсқасын қолданып отырғаныңызға көз жеткізіңіз. Динамик пен BLUETOOTH құрылғысын BLUETOOTH байланысы арқылы бір-біріне жалғай алмасаңыз немесе дыбыстың шығарылмауы сияқты мәселе пайда болса, «Sony | Music Center» қолданбасын жойып, BLUETOOTH байланысы арқылы қайта жалғап көріңіз. «Sony | Music Center» қолданбасы туралы мәлімет алу үшін Google Play (Play Store) немесе App Store дүкеніне кіріңіз.

  • «Sony | Music Center» және «Music Center for PC» екі бөлек қолданба екенін ескеріңіз.