Лицензиялар

  • Бұл өнім Sony өзінің авторлық құқығының иесімен лицензиялық келісім бойынша пайдаланатын бағдарламалық құралды қамтиды. Біз бағдарламалық жасақтамаға авторлық құқық иесінің талабы бойынша келісімнің мазмұнын тұтынушыларға хабарлауға міндеттіміз. Келесі URL мекенжайына кіріп, лицензияның мазмұнын оқыңыз.

    https://rd1.sony.net/help/speaker/sl/22/

  • Бұл өнімде қамтылған бағдарламалық құралда бастапқы кодты пайдалануды қажет етуі мүмкін GPL/LGPL лицензиясы және басқа лицензиялар бойынша авторлық құқығы қорғалған бағдарламалық құрал бар. GPL/LGPL (және басқа лицензиялар) талабына сәйкес тиісті бастапқы кодтың көшірмесін мына URL мекенжайынан табуыңызға болады.

    GPL/LGPL талаптары бойынша бізден бастапқы кодты физикалық ортада, төмендегі URL мекенжайындағы үлгі арқылы өтініші беріп, осы өнімнің біздің тараптан соңғы рет жөнелтілуінен кейін үш жыл ішінде алуыңызға болады.

    Бұл ұсыныс осы ақпаратты алғандардың барлығы үшін жарамды.

    https://oss.sony.net/Products/Linux/

    Sony осы бастапқы кодтың мазмұнына қатысты ешқандай сұраққа жауап бере алмайтынын ескеріңіз.

  • Made for Apple белгішесін пайдалану аксессуар белгішеде көрсетілген Apple өнім(дер)іне арнайы жалғау үшін жасалғанын және Apple өнімділік стандарттарына сәйкес келу үшін жасақтаушы сертификаттағанын білдіреді. Apple компаниясы осы құрылғының жұмысына немесе оның қауіпсіздік және нормативтік стандарттарға сәйкес келуіне жауапты емес.

    Осы аксессуарды Apple өнімімен пайдалану сымсыз байланыс өнімділігіне әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.

Үшінші тараптар ұсынатын қызметтерге қатысты жауапкершіліктен бас тарту

  • Үшінші тараптар ұсынатын қызметтер ескертусіз өзгертілуі, уақытша тоқтатылуы немесе тоқтатылуы мүмкін. Sony жағдайлардың бұл түрлерінде ешқандай жауапкершілікті қабылдамайды.