Динамикті бір уақытта 2 BLUETOOTH құрылғысына жалғау (көп нүктелі байланыс)

Динамик бір уақытта 2 BLUETOOTH құрылғысына BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

  • Музыка ойнату көзін 2 құрылғы арасында ауыстыру

    Музыка ойнату көзін бір құрылғыдан екінші құрылғыға BLUETOOTH байланысын қайта орнатпай-ақ ауыстыруға болады.

  • 2 смартфонның/iPhone құрылғысының кез келгеніне кіріс қоңырау түскенде күту

    Смартфондардың/iPhone құрылғылардың бірінде музыка тыңдап отырып, кіріс қоңырау түскенде, оны смартфондардың/iPhone құрылғыларының кез келгенінде қабылдап, 2 смартфонның/iPhone құрылғысының екеуін де күту режимінде ұстай аласыз.

Динамикті бір уақытта 2 құрылғыға BLUETOOTH байланысы арқылы жалғау

  1. Динамикті бірінші BLUETOOTH құрылғысына жалғаңыз.

    BLUETOOTH арқылы жалғау процедурасы туралы мәлімет алу үшін құрылғыңызға қатысты төмендегілердің бірін қараңыз.

  2. Динамикті бірінші BLUETOOTH құрылғысына жалғанған күйде ұстап, (BLUETOOTH) түймесін басыңыз.

    Динамиктен (BLUETOOTH pairing (BLUETOOTH арқылы жұптастыру)) дауыстық нұсқауы естіліп, (BLUETOOTH) индикаторы екі рет жыпылықтай бастайды (жұптастыру режимі).

  3. Екінші BLUETOOTH құрылғыда динамикті іздеңіз.
  4. BLUETOOTH байланысын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH 2nd Device Connected (BLUETOOTH 2-құрылғы жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп, (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

Көп нүктелі байланыстағы BLUETOOTH құрылғыларын ауыстыру

Динамикті 2 құрылғымен көп нүктелі байланыс арқылы жалғанған күйде ұстап тұрып, басқа құрылғыны BLUETOOTH байланысы арқылы жалғауға әрекет жасауыңызға болады.

Динамик пен үшінші құрылғыдан BLUETOOTH байланысын орнатуға әрекет жасаған кезде, одан бұрын музыка ойнату немесе телефонмен сөйлесу үшін қолданылған 2 құрылғының бірінің BLUETOOTH байланысы сақталады, ал екінші құрылғымен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылады. Одан кейін динамик пен үшінші құрылғы арасында BLUETOOTH байланысы орнатылады.

Динамик көп нүктелі байланыс арқылы 2 құрылғыға жалғанып тұрғанда музыка ойнату

  • Динамикті музыка ойнату үшін басқарған кезде, көп нүктелі байланыстағы құрылғылардың арасында осыдан бұрын музыка ойнату үшін қолданылған құрылғыда музыка ойнатыла бастайды.

  • Көп нүктелі байланыстағы басқа (екінші) құрылғыда музыка ойнату үшін екінші құрылғыны музыка ойнату үшін басқарыңыз.

    Жағдайларға байланысты ойнатуды бастау үшін екінші құрылғыны пайдаланғаннан кейін де сол (бірінші) құрылғыда динамиктен музыка ойнатыла беруі мүмкін. Мұндай жағдайда бірінші құрылғыда ойнатуды тоқтатыңыз. Одан кейін екінші құрылғыдан ойнатылған музыканы тыңдай аласыз.

Динамик көп нүктелі байланыс арқылы 2 смартфонға/iPhone құрылғысына жалғанып тұрғанда қоңырау қабылдау

  • Динамик көп нүктелі байланыс арқылы 2 смартфонға/iPhone құрылғысына жалғанған кезде, құрылғылардың екеуі де кіріс қоңырау түскенде күту режиміне қойылады.

  • Көп нүктелі байланыстағы құрылғылардың біріне кіріс қоңырау түскен кезде, динамиктен қоңырау үні естіледі.

  • Динамик арқылы бірінші қоңырауда сөйлесіп жатқанда басқа (екінші) құрылғыға кіріс қоңырау түскен кезде, екінші құрылғыдан қоңырау үні естіледі.

    Бірінші құрылғыда қоңырауды аяқтаған кезде, динамик арқылы екінші құрылғыда қоңырау үнін естисіз.

Дауыстық нұсқау туралы мәлімет

Динамик құрылғыларға көп нүктелі байланыс арқылы жалғанып тұрғанда, жағдайларға байланысты динамиктен келесі дауыстық нұсқауды естисіз.

  • Динамик пен бірінші құрылғы арасында BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде: «BLUETOOTH Device1 Connected (BLUETOOTH құрылғы1 жалғанды)»

  • Динамик пен екінші құрылғы арасында BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде: «BLUETOOTH Device2 Connected (BLUETOOTH құрылғы2 жалғанды)»

  • Бірінші құрылғымен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылған кезде: «BLUETOOTH Device1 Disconnected (BLUETOOTH құрылғы1 ажыратылды)»

  • Екінші құрылғымен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылған кезде: «BLUETOOTH Device2 Disconnected (BLUETOOTH құрылғы2 ажыратылды)»

  • Бірінші құрылғымен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылып, оның орнына үшінші құрылғымен BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде: «BLUETOOTH Device1 Replaced (BLUETOOTH құрылғы1 ауыстырылды)»

  • Екінші құрылғымен орнатылған BLUETOOTH байланысы ажыратылып, оның орнына үшінші құрылғымен BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде: «BLUETOOTH Device2 Replaced (BLUETOOTH құрылғы2 ауыстырылды)»

Тұспал

  • Динамикке бұдан бұрын жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясы іске қосылып тұрса, динамик қосыла сала сол құрылғыға қайтадан жалғанады.

  • Әр түрлі әрекеттерді, оның ішінде BLUETOOTH байланысын орнату және ажырату әрекеттерін «Sony | Music Center» қолданбасымен орындауға болады.

Ескерту

  • Стерео режимде жұптастыру немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, көп нүктелі байланыс мүмкіндігін қолдану мүмкін емес.

  • BLUETOOTH құрылғысына байланысты көп нүктелі байланыс мүмкіндігін қолдана алмауыңыз мүмкін.

  • Көп нүктелі байланысты өшіру мүмкін емес.