BLUETOOTH байланысын ажырату (пайдаланғаннан кейін)

BLUETOOTH құрылғысынан музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH байланысын ажырату үшін төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз.

BLUETOOTH байланысы ажыратылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH disconnected (BLUETOOTH ажыратылды)) дауыстық нұсқауы естіледі.

  • BLUETOOTH құрылғысында BLUETOOTH функциясын өшіріңіз.

    Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.

  • Динамикті өшіріңіз.

Тұспал

  • Стерео режимде жұптастыру функциясын қолданып отырғанда бір динамикті өшірсеңіз, екінші динамик те автоматты түрде өшеді. Олардың арасындағы BLUETOOTH байланысы ажыратылады.

  • Музыка ойнатып болғаннан кейін, BLUETOOTH құрылғысына байланысты BLUETOOTH байланысы автоматты түрде ажыратылуы мүмкін.