Индикаторлар туралы мәлімет

CHARGE индикаторы (сарғылт)

Өшеді Динамик зарядталып болды.
Жанады Динамик зарядталуда.
Баяу жыпылықтайды Кірістірілген батареяның заряды 20% не одан аз, оны зарядтау қажет.
3 рет жыпылықтап, өшеді Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Ескерту

  • Динамик қосылып тұрғанда, ол бірге берілген айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғанып тұрса, кірістірілген батарея зарядталып отырады.

    Дегенмен динамиктің қолданылуына байланысты зарядталу аяқталуы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Батареяны зарядтаудан бұрын динамикті өшіріп қойған жөн.

  • Қоршаған орта температурасы аса төмен не жоғары болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін динамик кірістірілген батареяны зарядтауды тоқтатады. Зарядтау ұзақ уақыт жасалса да, ол зарядталуын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, температураны 5–35 °C аралығындағы жұмыс температурасына дейін көтеріп не төмендетіп, айнымалы ток адаптерін ағытып, қайта жалғаңыз да, динамик кірістірілген батареяны қайта зарядтағанша күтіңіз.

(қуат) индикаторы

Өшеді Динамик өшеді.
Жанады (жасыл) Динамик қосылады.
Жанады (сарғылт) Динамик өшеді. Динамик BLUETOOTH күту режиміне орнатылады.
Жыпылықтайды (жасыл немесе сарғылт)
  • -/+ (дыбыс деңгейі) түймелері басылған сайын индикатор жасыл түспен бір рет жыпылықтайды.

  • -/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін қолданған кезде, дыбыс деңгейі ең төмен (0) не ең жоғары (музыка ойнату үшін 50/телефон қоңыраулары үшін 15) деңгейге орнатылған жағдайда, индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен - (дыбыс деңгейі) түймесі бірге шамамен 5 секунд басылып тұрса және Автоматты күту режимі функциясы өшіп тұрса, индикатор сарғылт түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен - (дыбыс деңгейі) түймесі бірге шамамен 5 секунд басылып тұрса және Автоматты күту режимі функциясы қосылып тұрса, индикатор сарғылт түспен екі рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен (BLUETOOTH) түймесі бірге шамамен 2 секунд басылып тұрса және BLUETOOTH байланыс сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалған болса, индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды.

  • (ойнату)/(қоңырау) түймесі мен (BLUETOOTH) түймесі бірге шамамен 2 секунд басылып тұрса және BLUETOOTH байланыс сапасы үшін «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалған болса, индикатор жасыл түспен екі рет жыпылықтайды.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту процесі ілгерілей түскенде, жасыл(қуат) индикаторының күйі ауысады (5 рет жыпылықтаудан 4 рет жыпылықтауға, бір рет жыпылықтауға және одан кейін сөніп тұратын күйге*).

  • Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор жасыл түспен 3 рет жыпылықтайды және (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтайды.

Екі рет жыпылықтайды (сарғылт) Батареяны зарядтау кезінде қате анықталды. Зарядтауды дереу тоқтатып, біраз уақыт күтіңіз, одан кейін кірістірілген батареяны қайта зарядтаңыз. Толық мәлімет алу үшін Зарядтауға қатысты ескертулер бөлімінен қараңыз.
Үш рет жыпылықтайды (сарғылт) Жарамсыз түйме әрекеті немесе BLUETOOTH байланысының ажырауы сияқты әдеттен тыс жағдай анықталды (электр тізбегінің қатесі). Динамикті қайта қосу үшін Динамикті қайта қосу бөліміде сипатталған қадамдарды орындаңыз.
Төрт рет жыпылықтайды (сарғылт)
  • «Sony | Music Center» қолданбасы бағдарламалық құралды жаңартуды тоқтатты.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту нәтижесіз болды.

* Жағдайларда байланысты барлық жыпылықтау үлгілерін көре алмауыңыз мүмкін.

(BLUETOOTH) индикаторы (көгілдір)

Жанады Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғанып тұр.
Жыпылықтайды
  • «Sony | Music Center» қолданбасы бағдарламалық құралды жаңартуды тоқтатты.

  • Бағдарламалық құралды жаңарту нәтижесіз болды.

  • Бағдарламалық құралды жаңартудан кейін динамик алғаш рет қосылған кезде, жаңарту аяқталғанын хабарлау үшін индикатор 3 рет жыпылықтайды және (қуат) индикаторы жасыл түспен жыпылықтайды.

Екі рет жыпылықтайды

Динамик жұптастыру режиміне кіреді.

Баяу жыпылықтайды

Динамик BLUETOOTH құрылғысына жалғануды күтіп тұр.

MEGA BASS индикаторы (ақ)

Жанады Дыбыс әсері MEGA BASS режиміне орнатылған.
Өшеді Дыбыс әсері MEGA BASS режимінен басқа режимге орнатылған.

STAMINA индикаторы (ақ)

Жанады Дыбыс әсері STAMINA режиміне орнатылған.
Өшеді Дыбыс әсері STAMINA режимінен басқа режимге орнатылған.