Динамикті зарядтау

Динамик бірге берілген айнымалы ток адаптерімен жалғанған АТ розеткасынан немесе қайта зарядталатын кірістірілген литий-ион батареясынан алынған қуатпен жұмыс істейді.

Динамикті алғаш рет қолданған кезде, динамикті қосудан бұрын, кірістірілген батареяны 1 сағаттан астам уақыт зарядтаңыз.

Кірістірілген батареяны алдын ала зарядтап алып, динамикті тек батарея қуатымен қолдануға болады.

Тұспал

  • Динамиктің кірістірілген батареясын зарядтау үшін қалыпты зарядтау әдісіне қоса, Battery Care режимі опциясын қолдануға болады. Battery Care режимі максималды зарядтау деңгейін шамамен 90%-ға шектеп, батареяның қызмет ету мерзімін ұзартады. Battery Care режимінде қолжетімді ойнату уақыты кірістірілген батарея қалыпты зарядтау әдісімен зарядталған жағдайда қолжетімді уақыттан қысқарақ болады. Сатып алған кезде, динамик Battery Care режимінде тұрмайды.

  • Динамик қосылып тұрғанда, оның артқы жағындағы қақпақ артындағы BATTERY түймесі/BATTERY CARE түймесі шамамен 2 секунд басылып тұрса, динамик Battery Care режиміне қойылады және динамиктен дауыстық нұсқауды (Battery Care mode, ON (Battery Care режимі, ҚОСУЛЫ)) естисіз. BATTERY түймесі/BATTERY CARE түймесі шамамен 2 секунд қайтадан басылып тұрса, динамик Battery Care режимінен шығарылады және динамиктен дауыстық нұсқауды (Battery Care mode, OFF (Battery Care режимі, ӨШІРУЛІ)) естисіз.

  • Динамикті «Sony | Music Center» қолданбасымен де Battery Care режиміне/режимінен қоюға/шығаруға болады.

  1. Динамикті зарядтау үшін оны АТ розеткасына жалғаңыз.

    Динамиктегі DC IN 5 V портын бірге берілген айнымалы ток адаптерімен АТ розеткасына жалғаңыз.

    Батарея зарядтала бастайды да, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанады. Зарядтау шамамен 5 сағатта* аяқталып, индикатор өшеді.

    * Динамик өшіп тұрған кезде, бос кірістірілген батареяны толық зарядтауға кететін уақыт.


    Батарея зарядталып болған кезде динамиктен айнымалы ток адаптерін ажыратқаннан кейін, қақпақты мықтап жабуды ұмытпаңыз.

    Қақпақ су өткізбеушілік және шаң өткізбеушілік өнімділігінің сипаттамасында өте маңызды рөл атқарады.

Зарядтаудың аяқталуын тексеру

Динамикті АТ розеткасына қосқан кезде кірістірілген батарея толығымен зарядталған болса, CHARGE индикаторы сарғылт түспен жанып, одан кейін шамамен 1 минуттан кейін өшеді.

  • Android 8.1 не одан кейінгі нұсқасы орнатылған Android™ смартфонын қолданған кезде

    Динамик Android смартфонына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, смартфонда [Settings] - [Device connection] - [Bluetooth] тармағын басыңыз. Динамиктің қалған батарея заряды және жалғанып тұрған BLUETOOTH құрылғысының атауы көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін Android смартфонымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    Смартфонда көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

  • iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқасы орнатылған iPhone құрылғысын қолданған кезде

    Динамик iPhone құрылғысына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, динамиктің қалған батарея заряды iPhone құрылғысының виджеттер экранында көрсетіледі. Толық мәлімет алу үшін iPhone құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

    iPhone құрылғысында көрсетілген қалған батарея заряды динамиктің іс жүзіндегі қалған батарея зарядынан өзгеше болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Осы мәліметті анықтамалық мән ретінде қарастырыңыз.

Қайта зарядталатын кірістірілген батареяның зарядын тексеру

Динамик қосылып тұрғанда, оның артқы жағындағы қақпақ артындағы BATTERY түймесін басқаннан кейін, кірістірілген батареяның қалған қуатына байланысты динамиктен төменде көрсетілген дауыстық нұсқау шығарылады.

81% - 100%: «Battery fully charged» (Батарея толығымен зарядталған)

81% - 90% (Battery Care режимі): «Battery Care Mode, Fully Charged, Battery About 90%» (Battery Care режимі, толығымен зарядталған, батарея заряды — шамамен 90%)

61% - 80%: «Battery about 80%» (Батарея заряды — шамамен 80%)

41% - 60%: «Battery about 60%» (Батарея заряды — шамамен 60%)

21% - 40%: «Battery about 40%» (Батарея заряды — шамамен 40%)

1% - 20%: «Low Battery, Please Recharge Speaker» (Батарея заряды аз, Динамикті қайта зарядтаңыз)

Тұспал

  • «Sony | Music Center» қолданбасынан динамикті қосқан кезде естілетін қалған батарея зарядына қатысты дауыстық нұсқауды іске қосуға/өшіруге болады.

Кірістірілген батареяның қызмет ету мерзімі (динамик Battery Care режимінде тұрмағанда және BLUETOOTH байланысы орнатылып тұрғанда)

  • Шамамен 25 сағат

    • Дыбыс деңгейі: 24

    • Дыбыс: MEGA BASS қосулы

    • Жарықтандыру: өшірулі

  • Шамамен 15 сағат (әдепкі)

    • Дыбыс деңгейі: 24

    • Дыбыс: MEGA BASS қосулы

    • Жарықтандыру: қосулы

  • Шамамен 5 сағат

    • Дыбыс деңгейі: 50 (МАКС.)

    • Дыбыс: MEGA BASS қосулы

    • Жарықтандыру: өшірулі

  • Шамамен 4 сағат

    • Дыбыс деңгейі: 50 (МАКС.)

    • Дыбыс: MEGA BASS қосулы

    • Жарықтандыру: қосулы

Кірістірілген батареяның қызмет ету мерзімі (кірістірілген батарея 10 минут зарядталғаннан кейін)

10 минут зарядтау шамамен 70 минут музыка ойнатуға мүмкіндік береді. (Дыбыс деңгейі 24 мәніне орнатылған кезде, MEGA BASS дыбыс әсері іске қосылған кезде және жарықтандыру функциясы өшірілген кезде.)


Жоғарыда көрсетілген кірістірілген батареяның пайдалану мерзімі біз белгілеген музыка көзін қолданып өлшенген.

Дыбыс деңгейіне, ойнатылған әндерге, айнала температурасына және қолдану жағдайларына байланысты іс жүзіндегі жұмыс істеу мерзімі тізімде көрсетілгеннен өзге болуы мүмкін.

Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде

Дауыстық нұсқауда «Low Battery, Please Recharge Speaker» (Батарея заряды аз, Динамикті қайта зарядтаңыз) деп айтылып, CHARGE индикаторы баяу жыпылықтап тұрса, демек кірістірілген батарея заряды таусылуға жақын, оны зарядтау керек. Мұндай күйде динамик басқа құрылғыларға қуат бере алмайды.

Қалған батарея заряды динамикті қосу мүмкін болмайтын деңгейге дейін төмендегенде, (Please Recharge Speaker. Power Off. (Динамикті қайта зарядтаңыз. Қуатты өшіру.)) дауыстық нұсқауы естіліп, динамик автоматты түрде өшеді. Мұндай жағдайда динамикті зарядтаңыз.

Динамикті қосқан кезде CHARGE индикаторы 3 рет сарғылт түспен жыпылықтап, өшсе, демек кірістірілген батарея заряды таусылған және оны зарядтау қажет.

Батареяны зарядтау үшін бөлек сатылатын USB айнымалы ток адаптерін қолдану

Динамик 3,0 А және 1,5 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерлерін қолдайды. (Батареяны зарядтау үшін 3,0 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерін қолдану арқасында зарядтау уақыты азаяды.)

3,0 А шығыс тогын бере алатын USB айнымалы ток адаптерін қолданған кезде, 3,0 А батарея зарядтау шығыс тогын қолдайтын USB Type-C® кабелін (USB стандартына сәйкес келетін) қолдану қажет.

Ескерту

  • Динамикті жоғары дыбыс деңгейінде пайдаланған кезде, динамик тіпті АТ розеткасына жалғанып тұрғанда, кірістірілген батареяның заряды азаюы мүмкін. Динамикті зарядталып жатқанда қолданғыңыз келсе, оның дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Немесе динамикті өшіріп, кірістірілген батареяны жетерліктей зарядтаңыз.

  • Кірістірілген батареяның заряды азайған кезде, ең жоғары шығыс қуаты төменірек болады.

  • Қоршаған орта температурасы аса төмен не жоғары болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін динамик кірістірілген батареяны зарядтауды тоқтатады. Зарядтау ұзақ уақыт жасалса да, ол зарядталуын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, температураны 5–35 °C аралығындағы жұмыс температурасына дейін көтеріп не төмендетіп, бірге берілген айнымалы ток адаптерін ағытып, қайта жалғаңыз да, динамик кірістірілген батареяны қайта зарядтағанша күтіңіз.

  • Динамиктің кірістірілген батареясын динамикке су шашырауы ықтимал жерлерде зарядтамаңыз. Бірге берілген Айнымалы ток адаптері, сондай-ақ қақпақ артындағы ұя және порттар (USB/AUDIO IN) не су өткізбеушілік, не шаң өткізбеушілік сипатқа ие болатындай етіп жасалмаған.

  • Динамикті ұзақ уақыт пайдаланғыңыз келмегеннің өзінде, оның жұмыс өнімділігін сақтау үшін кірістірілген батареяны 6 ай сайын жетерліктей зарядтап отырыңыз.

  • Android смартфоны BLUETOOTH байланыстарын орнату үшін A2DP (Advanced Audio Distribution Profile) стандартын ғана қолдануға реттелген болса, динамиктің қалған батарея заряды смартфонда көрсетілмейді.