BLUETOOTH сымсыз технологиясы туралы мәлімет

BLUETOOTH сымсыз технологиясы шамамен 30 м ауқымы ішінде жұмыс істейді.

BLUETOOTH стандартының қолдау көрсетілетін нұсқасы мен профильдері

Профиль дегеніміз — BLUETOOTH құрылғыларының әрбір сипаттамасы үшін стандартталған функциялар жинағы. Динамик BLUETOOTH стандартының мына нұсқасы мен профильдерін қолдайды.

Қолдау көрсетілетін BLUETOOTH нұсқасы: BLUETOOTH стандарты, 5,2 нұсқасы

Қолдау көрсетілетін BLUETOOTH профильдері:

  • A2DP (Advanced Audio Distribution Profile): Жоғары сапалы музыка мазмұндарын таратуға және қабылдауға мүмкіндік береді.
  • AVRCP (Audio Video Remote Control Profile): Дыбыс деңгейін реттеуге, музыканы ойнатуға/кідіртуге және келесі/ағымдағы әннің басына өтуге мүмкіндік береді.
  • HFP (Hands-free Profile)*: Телефонмен хендс-фри режимде қоңырау шалуға және смартфон немесе мобильді телефон қызметтерін қолдануға мүмкіндік береді.

* BLUETOOTH функциясы бар смартфон немесе мобильді телефон HFP және HSP профильдерін қолдаса, HFP (Hands-free Profile) профилін қолданыңыз.

Ең үлкен байланыс ауқымы

BLUETOOTH сымсыз технологиясын бір-бірінен 30 м жерде орналасқан динамик пен құрылғы арасында қолданыңыз.

Ең үлкен байланыс ауқымы мына жағдайларда қысқаруы мүмкін.

  • Динамик пен BLUETOOTH құрылғысы арасында адам, металл немесе қабырға сияқты кедергі болғанда.
  • Динамик жанында сымсыз LAN құрылғысы қолданылуда.
  • Динамик жанында микротолқынды пеш қолданылуда.
  • Динамик жанында электрмагниттік сәуле түзетін құрылғы қолданылуда.

Басқа құрылғылардың кедергі жасауы

BLUETOOTH құрылғылары мен сымсыз LAN (IEEE802.11b/g) желілері бір жиілікті (2,4 ГГц) қолданатындықтан, динамик сымсыз LAN құрылғысының жанында қолданылса, микротолқынды кедергі пайда болып, байланыс жылдамдығы нашарлауы, шу пайда болуы немесе жарамсыз байланыс орнатылуы мүмкін.

Басқа құрылғыларға кедергі жасауы

BLUETOOTH құрылғысынан шыққан микротолқындар электрондық медициналық құрылғылардың жұмысына әсер етуі мүмкін. Динамикті және басқа BLUETOOTH құрылғыларын төмендегі жерлерде өшіріп қойыңыз, әйтпесе жазатайым оқиға орын алуы мүмкін.

  • Тұтанғыш газ болған жерде, мысалы ауруханада, пойызда, ұшақта немесе жанармай құю станциясында
  • Автоматты есіктер немесе өрт дабылы жанында

Ескерту

  • BLUETOOTH функциясын қолдану мүмкін болуы үшін жалғанатын BLUETOOTH құрылғысында динамиктегі профиль болуы тиіс. Бірдей профиль болса да, құрылғылар сипаттамаларына қарай әр түрлі жұмыс істеуі мүмкін екенін де ескеріңіз.
  • BLUETOOTH сымсыз технологиясының сипатына байланысты телефонмен сөйлесіп немесе музыка тыңдап отырғанда, динамикте ойнатылған дыбыс BLUETOOTH құрылғысында ойнатылған дыбыстан сәл кешігеді.
  • BLUETOOTH сымсыз технологиясы қолданылған кезде қауіпсіз байланысты қамтамасыз ету үшін динамик BLUETOOTH стандартына сәйкес келетін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қолдайды, алайда параметрлерге қарай қауіпсіздік жеткілікті болмауы мүмкін. BLUETOOTH сымсыз технологиясы арқылы хабарласқан кезде абай болыңыз.
  • BLUETOOTH арқылы хабарласқан кезде ақпараттың жария болуына біз ешқандай түрде жауапты болмаймыз.
  • BLUETOOTH функциясы бар құрылғы Bluetooth SIG, Inc. ұйымы белгілеген BLUETOOTH стандартына сәйкес болуы және расталуы тиіс. Жалғанған құрылғы жоғарыда көрсетілген BLUETOOTH стандартына сәйкес келсе де, кейбір құрылғылар мүмкіндіктері мен сипаттамаларына байланысты жұмыс жалғанбауы немесе жұмыс істемеуі мүмкін.
  • Динамикке жалғанған BLUETOOTH құрылғысына, байланыс ортасына немесе пайдалану ортасына қарай шу пайда болуы немесе дыбыс үзілуі мүмкін.
  • Кірістірілген радиосы немесе тюнері бар құрылғыны динамикке BLUETOOTH арқылы жалғау мүмкін емес, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.
  • Динамикті теледидардан, радиодан немесе тюнерден, т.б. алысырақ орналастырыңыз, себебі таратылымдарда шу болуы мүмкін.