Қоңырау қабылдау

HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH профилін қолдайтын смартфонда немесе мобильді телефонда BLUETOOTH байланысы арқылы хендс-фри режимінде қоңырау шалуға не қабылдауға болады.

  • Смартфон немесе мобильді телефон HFP профилін де, HSP профилін де қолдаса, оны HFP профилін қолданатын етіп орнатыңыз.

  • Смартфонға немесе мобильді телефонға қарай әр түрлі әрекеттерді орындау қажет болуы мүмкін. Смартфонмен немесе мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

Қоңырау үндері туралы мәлімет

Кіріс қоңырау түскен кезде, ойнату кідіртіліп, динамиктен қоңырау үні естіледі.

Смартфонға немесе мобильді телефонға қарай қоңырау үні төмендегідей әр түрлі болады.

  • Динамикте орнатылған қоңырау үні

  • Смартфонда немесе мобильді телефонда орнатылған қоңырау үні

  • Смартфонда немесе мобильді телефонда BLUETOOTH байланысы үшін ғана орнатылған қоңырау үні

  1. Динамикті смартфонға немесе мобильді телефонға жалғаңыз.

    BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде, динамиктен (BLUETOOTH connected (BLUETOOTH жалғанды)) дауыстық нұсқауы естіліп, (BLUETOOTH) индикаторының күйі жыпылықтап тұрудан жанып тұру күйіне ауысады.

    Стерео режимде жұптастыру функциясын немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде

    (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жыпылықтап тұрған динамикке жалғаңыз. Хендс-фри қоңырауы барысында төмендегі қадамдар мен әрекеттерде смартфонға немесе мобильді телефонға жалғанып тұрған динамикті қолданыңыз.

  2. Қоңырау қабылданған кезде, (ойнату)/(қоңырау) түймесін басыңыз.

    Динамиктің микрофонына сөйлеңіз ().

    Кіріс қоңырау түскен кезде, ойнату кідіртіліп, динамиктен қоңырау үні естіледі.

    Динамиктен қоңырау үні естілмесе

    Динамик HFP профилін қолдайтын смартфонға немесе мобильді телефонға жалғанбаған болуы мүмкін. Смартфондағы немесе мобильді телефондағы байланыс күйін тексеріңіз.

  3. Телефон шырылдап жатқан кезде немесе телефонмен сөйлесіп жатқанда, динамиктегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерімен немесе смартфоннан не мобильді телефоннан дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Динамикте –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқан кезде немесе смартфонда не мобильді телефонда дыбыс деңгейін реттеген кезде, (қуат) индикаторы бір рет не 3 рет жыпылықтайды.

  4. Қоңырауды аяқтау үшін (ойнату)/(қоңырау) түймесін басыңыз.

    Қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, қоңырау аяқталған кезде, ойнату жалғасады. Қоңырауды смартфоннан немесе мобильді телефоннан аяқтасаңыз, қоңырау шалудан бұрын музыка тыңдап отырған болсаңыз, бұл жағдайда да ойнату жалғасады.

Тұспал

  • Кейбір смартфондарда немесе мобильді телефондарда қоңырауды қабылдаған кезде телефонға басымдық беріледі. HFP байланысы қолданылған жағдайда смартфонмен немесе мобильді телефонмен қоңырау құрылғысын динамикке ауыстырыңыз.

  • Қоңырау шалушы дауысыңызды естімесе немесе әзер естісе, динамикке жақындап, соның микрофонына сөйлеңіз.

  • Музыка ойнатудың және қоңыраудың дыбыс деңгейі динамикте бөлек орнатылады.

Ескерту

  • Apple iOS құрылғыларында динамик iOS 10.0 не одан кейінгі нұсқалармен үйлесімді. iOS 9.x не одан бұрынғы нұсқалар орнатылған құрылғыларда BLUETOOTH байланысы қолжетімді емес.

  • Стерео режимде жұптастыру функциясын немесе Сауық кешінде жалғау функциясын қолданған кезде, телефон қоңырауының дыбысы (BLUETOOTH) индикаторы көгілдір түспен жанып тұрған динамиктен ғана шығады.

  • Смартфонға немесе мобильді телефонға байланысты кіріс қоңырау түскен кезде ойнату кідіртілмеуі мүмкін.

  • Смартфонды немесе мобильді телефонды динамиктен кемінде 50 см қашықтықта қолданыңыз. Динамик пен смартфон немесе мобильді телефон бір-біріне тым жақын болса, шу пайда болуы мүмкін.

  • Динамиктің AUDIO IN ұясына аудио кабель жалғанған болса, BLUETOOTH құрылғысынан жіберілетін музыканы тыңдау мүмкін болмайды. Дегенмен BLUETOOTH байланысы белсенді болғанда, хендс-фри функциясы қолжетімді болады.

  • Смартфон немесе мобильді телефон моделіне, операциялық жүйеге немесе орнатылған қолданбаларға қарай хендс-фри режимінде қоңырау шалу не қабылдау жүйесінің кейбір функциялары дұрыс қолданылмауы мүмкін.