Автоматты күту режимі (қуат үнемдеу) функциясы

Қайта зарядталатын кірістірілген батарея зарядын үнемдеу үшін төмендегі жағдайларда динамик 15 минут ішінде автоматты түрде өшеді.

Сатып алған кезде, Автоматты күту режимі функциясы қосылып тұрады.

Динамик BLUETOOTH режимінде тұрғанда

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • Жалғанған смартфонның немесе мобильді телефонның хендс-фри функциясының өшіп тұруы және смартфонның немесе мобильді телефонның музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы. Толық мәлімет алу үшін смартфонмен немесе мобильді телефонмен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • Жалғанған BLUETOOTH құрылғысының музыка (аудио) ойнатып тұрмауы және басқарылып тұрмауы.

Динамик AUDIO IN режимінде тұрғанда

  • Динамикте ешқандай әрекеттің жасалмауы.

  • AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғының музыка (дыбыс) ойнатып тұрмауы немесе AUDIO IN ұясына жалғанған аудио құрылғысының музыка (дыбыс) деңгейінің тым төмен болуы.

Тұспал

  • Автоматты күту режимі функциясын «Sony | Music Center» қолданбасымен қосуға не өшіруге болады.

Ескерту

  • Динамик Android смартфонына немесе iPhone құрылғысына HFP (Hands-free Profile) BLUETOOTH байланысы арқылы жалғанып тұрғанда, Автоматты күту режимі функциясы өшіп тұрады.

  • Динамик басқа құрылғыға қуат беріп тұрғанда, Автоматты күту режимі функциясы өшеді.

Автоматты күту режимі функциясын қосу/өшіру

  1. Динамикті қосыңыз.
  2. (ойнату)/(қоңырау) түймесін және - (дыбыс деңгейі) түймесін шамамен 5 секунд бір уақытта басып тұрыңыз.
    • Автоматты күту режимі функциясы өшірілген кезде, (қуат) индикаторы 3 рет сарғылт түспен жыпылықтайды.

    • Автоматты күту режимі функциясы қосылған кезде, (қуат) индикаторы екі рет сарғылт түспен жыпылықтайды.