Динамик шығысы үзіледі

BLUETOOTH байланыс сапасы үшін «Дыбыс сапасына басымдық беру» таңдаулы параметрі таңдалып тұрғанда, BLUETOOTH құрылғысының реттелуіне және қоршаған орта шарттарына байланысты динамиктің сигнал қабылдау сапасы ауытқып тұруы мүмкін. Мұндай жағдайда мәселені шешуге төмендегілер көмектесуі мүмкін.

  • Динамикті микротолқынды пеш және сымсыз LAN қосылу нүктесі сияқты құрылғыдан алыстатыңыз.

  • Кейбір BLUETOOTH құрылғыларының BLUETOOTH байланысының сапасын өзгертуге болады. Құрылғыңыз осы функциямен үйлесімді болса, BLUETOOTH байланысының сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» таңдаңыз. Толық мәлімет алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.

  • Динамиктің BLUETOOTH байланысының сапасы үшін «Тұрақты байланысқа басымдық беру (SBC)» таңдаңыз.