Музыканы құрылғыда USB байланысы арқылы тыңдау

SongPal орнатылған смартфонды, iPhone және т.б. құрылғыны қашықтан басқару құрылғысы ретінде пайдалана аласыз. Динамиктің USB портына () қосылған құрылғыдағы музыка файлдарын смартфоныңызды, iPhone және т.б. құрылғыны пайдалану арқылы таңдауға/ойнатуға болады.

Бағдарламаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.

  1. Құрылғыны динамиктің USB портына () қосыңыз.

    Байланыс туралы толық мәлімет алу үшін төменнен Қатысты тақырыпты қараңыз.

  2. Бағдарламаны іске қосу үшін смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [SongPal] түртіңіз.

    SongPal

  3. [SRS-ZR5] түртіңіз.

  4. [USB] түртіңіз.

  5. Тізімнен әнді таңдаңыз да, ойнатуды бастаңыз.

    Музыка динамиктен естіледі.