DLNA (Digital Living Network Alliance)

Үй желісіндегі DLNA серверінде (мысалы, компьютер) сақталған музыканы динамик арқылы тыңдай аласыз.

Желіде DLNA үйлесімді сандық құрылғыларды бір бірімен қосу арқылы DLNA серверінде сақталған музыканы DLNA басқару құралы арқылы ойната аласыз.

Компьютерді DLNA сервері не контроллер ретінде пайдалану үшін компьютерді орнату қажет.

DLNA серверіндегі (компьютер, т.б.) музыканы смартфон/iPhone құрылғысы арқылы тыңдау үшін.

SongPal бағдарламасын смартфоныңызға, iPhone, құрылғыңызға, т.б.-ға жүктеңіз.

Бұл бағдарлама динамикпен Wi-Fi байланысын орнатады DLNA серверінде (мысалы, компьютер) музыка таңдауға/ойнатуға мүмкіндік береді.

Толық мәліметтер алу үшін, «Wi-Fi желісіне SongPal арқылы қосылу (Смартфон)/(iPhone/iPod touch)», «Компьютердегі музыканы Wi-Fi желісі арқылы тыңдау» не «Компьютердегі музыканы желісі арқылы тыңдау («SongPal» бар «Sony | Music Center for PC»)» бөлімдерін қараңыз.

DLNA серверіндегі музыканы компьютерді контроллер ретінде пайдалану арқылы тыңдау үшін

DLNA серверінде сақталған музыканы компьютеріңізді пайдалану арқылы тыңдай аласыз.

Компьютеріңізде Windows Media Player бағдарламасын іске қосыңыз, содан кейін «Play To» функциясын пайдаланып музыка ойнатыңыз (Windows 8.1/Windows 7).

Пайдалану бойынша компьютер экранындағы нұсқауларды орындаңыз.

Компьютерді DLNA сервері не контроллер ретінде пайдалану үшін компьютерді орнату қажет.

Толық мәліметтер алу үшін, «Компьютеріңізді DLNA сервері және контроллері (Windows 8.1)/(Windows 7) ретінде орнату», «Компьютерде музыканы желі арқылы тыңдау (Windows Media Player) (Windows 8.1)/(Windows 7)» немесе «Компьютердегі музыканы желісі арқылы тыңдау («Sony | Music Center for PC»)» бөлімін қараңыз.

Ескерту

  • Динамик MP3, Linear PCM, WMA, AAC, WAV, FLAC, ALAC және AIFF пішімдегі файлдарды (тек AAC «.m4a», «.mp4» не «.3gp» кеңейтімі бар файлдар ойнатылады) ойната алады. Егер битті беру жылдамдығы мен файл пішімін қолдаса да, барлық файлдардың ойнатылуына кепілдік берілмейді.
  • DRM (Цифрлық құқықтарын басқару) авторлық құқық қорғанысы бар файлдарды динамикте ойнату мүмкін емес. WMA файлы DRM арқылы қорғалған кезде тексеру үшін компьютердегі файлды тінтуірдің оң жағымен басыңыз.
  • Музыканы үй желісі арқылы тыңдағанда, әрбір DLNA үйлесімді құрылғы ағымдағы пайдаланылып жатқан компонентті тануы қажет болғандықтан, іске қосу үшін біршама уақыт кетеді.
  • Кейбір мазмұн DLNA сертификатталған өнімдермен ойнатылмауы мүмкін.