SongPal экранын пайдалану әдісі

SongPal – смартфоныңыз, iPhone және т.б. арқылы SongPal үйлесімді Sony аудио құрылғыларын басқаруға арналған бағдарлама.

SongPal бағдарламасын Google Play немесе App Store қызметінен тауып, смартфоныңызға, iPhone және т.б. құрылғыға жүктеңіз. SongPal бағдарламасын смартфонға, iPhone және т.б. құрылғыға жүктегеннен кейін, [SongPal] экранда көрінеді.

SongPal туралы толық мәлімет алу үшін келесі URL мекенжайына өтіңіз:

http://info.songpal.sony.net/help/

Бағдарламаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.

SongPal бағдарламасын смартфоныңызда, iPhone және т.б. құрылғыда іске қосу.

Смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [SongPal] түймесін түртіңіз.

SongPal

SongPal бағдарламасын алғаш рет іске қосқанда, смартфоныңыздың, iPhone және т.б. құрылғының желіге қосулы болуына көз жеткізіңіз.

Үй желісіндегі құрылғыларға жалпы шолу көрсетіледі. Ойнатуға болатын аудио құрылғыны таңдауға немесе SongPal Link пайдалану арқылы аудио құрылғыларды топтауға болады.

Ойнату үшін дыбыс көздерін таңдауға болады. Сонымен қатар, аудио құрылғыдан түрлі дыбыс/желі параметрлерін жасауға болады.

Ескерту

  • Жоғарыдағы экрандар көрсету мысалдары болып табылады. Нақты дисплей өзгеше болуы мүмкін.
  • SongPal арқылы басқаруға болатын элементтер қосылған құрылғыға байланысты өзгешеленеді.