Жұптастырылған BLUETOOTH құрылғысымен қосу
Төменде түсіндірілген процедура тек нұсқаулық үшін. Толық мәліметтер алу үшін BLUETOOTH құрылғысымен бірге келген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Бастамастан бұрын келесіні орындаңыз.
- Динамикті басқа құрылғыға жалғасаңыз, сол құрылғыдағы BLUETOOTH функциясын өшіріңіз.
- BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін азайтыңыз.
- Кенет динамиктен қатты дыбыс шықпауы үшін, BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатыңыз.
- Динамикті іске қосыңыз.
(қуат) индикаторы жасыл түспен жанады. - FUNCTION түймесін BLUETOOTH индикаторы жыпылықтағанша қайта-қайта түртіңіз.
Динамик BLUETOOTH режиміне өтеді.

BLUETOOTH режимін қосқан кезде, динамик соңғы қосылған BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатуға әрекеттенеді. Егер құрылғы жақын арада болса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылады және BLUETOOTH индикаторы жанған күйде қалады. Мұндай жағдайда, BLUETOOTH құрылғысындағы BLUETOOTH функциясын өшіріңіз немесе BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
- Динамикті анықтау үшін BLUETOOTH құрылғысындағы жұптастыру процедурасын орындаңыз.
BLUETOOTH байланысы орнатылған кезде BLUETOOTH индикаторы жанады.

Тұспал
- BLUETOOTH байланысы орнатылғанда жұптастыруды орындауға не басқа BLUETOOTH құрылғысына қосуыңызға болады. Осы жағдайда алдыңғы байланыс ажыратылады.
- SongPal құралында BLUETOOTH байланысы арқылы музыканы ойнату функциясы жоқ. Музыканы смартфон, компьютер және т.б. сияқты BLUETOOTH құрылғыңызбен ойнатыңыз.
- Динамикті немесе BLUETOOTH режимін қосқан кезде, динамик BLUETOOTH байланысы арқылы соңғы қосылған BLUETOOTH құрылғысымен байланыс орнатуға әрекеттенеді. Егер құрылғының BLUETOOTH функциясы қосулы болса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде іске қосылады.
- BLUETOOTH/Желі күту режимі қосулы болса, динамик BLUETOOTH құрылғысын пайдалану арқылы автоматты түрде қосылады және BLUETOOTH байланысын іске қосады.
Ескерту
- BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатып, құрылғының дыбыс деңгейін алдын ала азайтыңыз. Жұптастыру аяқталған кезде, динамиктен қатты дыбыс шығуы мүмкін. Әйтпесе, жұптастырылғаннан кейін музыка алғаш рет ойнатылғанда динамиктен кенеттен қатты дыбыс шығуы мүмкін.
- Егер динамик соңғы рет қосылған BLUETOOTH құрылғысымен қайта қосылуға тырысса, байланыс орнатылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, BLUETOOTH құрылғысындағы BLUETOOTH функциясын өшіріңіз немесе BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
- NFC үйлесімді құрылғыны NFC функциясы арқылы қосқанда FUNCTION түймесін және -/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін құрылғымен бірдей уақытта түртілмейтінін ескеріңіз.

