Бұл динамикті артқы динамик ретінде пайдалану (Wireless Surround)
Wireless Surround функциясына қолдау көрсететін өнімдермен біріктіру арқылы көлемді дыбыспен тыңдауға болады.
Wireless Surround функциясына қолдау көрсететін Sony өнімі (дыбыс жолағы/үй кинотеатры жүйесі) және екі SRS-ZR5 қажет.
Үйлесімді модельдер туралы мәліметтерді төмендегі URL мекенжайынан қараңыз.
- Wireless Surround функциясын пайдалануға дайындық
-
- Динамикті (SRS-ZR5) сымсыз желіге қосыңыз. Сымсыз желі байланысы туралы мәліметтерді «Wi-Fi желі қосылымы әдісін таңдау» бөлімінен қараңыз.
- Бұл динамикте бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасы берілгенін тексеріңіз. Бағдарламалық құрал нұсқасын тексеру жолы туралы мәліметтерді «Желі байланысы арқылы соңғы бағдарламалық құралды іздеу» бөлімінен қараңыз.
Динамиктерді артқы динамиктер ретінде пайдалануға реттеу (Wireless Surround)
- Динамиктерді бір-бірінен 1 м не одан аз арақашықтықта қойып, оларды қосыңыз.
(қуат) индикаторы жасыл түспен жанады. - Әр динамикте NETWORK индикаторы жанғанша, FUNCTION түймесін қайталап түртіңіз.
Екі динамик те NETWORK режиміне өтеді.
- Қосылатын жабдықта Wireless Surround функциясын реттеңіз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Дыбыс жолағына (HT-NT5) арналған төмендегі әрекеттер мысал ретінде пайдаланылады.
- Қашықтан басқару құрылғысындағы HOME түймесін басыңыз.
- [Setup] опциясын таңдап, енгізу түймесін басыңыз.
- [Wireless Surround] опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша мәліметтерді қосылатын жабдықтың пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
- Бұл динамиктегі L/R индикаторлары мен LINK индикаторының жанғанын тексеріңіз.
- Қосылатын жабдықта ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша мәліметтерді қосылатын жабдықтың пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
Wireless Surround функциясынан бас тарту/басқа функцияларды пайдалану
Wireless Surround функциясы пайдаланылғанда, басқа функциялар (мысалы, Wireless Multi-room функциясы, Wireless Stereo функциясы) қолжетімді болмайды.
Дыбыстық белгі шыққанша, осы динамиктегі SET UP түймесін басып тұрыңыз.
L/R индикаторлары өшеді де, Wireless Surround функциясынан бас тартылады. Содан кейін топтастырудан да бас тартылады.
Тұспал
- Сонымен бірге Wireless Surround функциясын SongPal арқылы орнатуға болады.
Ескерту
- Wireless Surround функциясы пайдаланылғанда, динамиктің және дыбыс жолағының/үй кинотеатры жүйесінің бағдарламалық құралды автоматты жаңарту мүмкіндігі іске қосылмайды. Бағдарламалық құралды жаңарту үшін Wireless Surround функциясынан бас тартып, динамикті немесе дыбыс жолағын/үй кинотеатры жүйесін сымсыз желіге қосыңыз.
- Wireless Surround функциясы пайдаланылғанда, динамик және дыбыс жолағы/үй кинотеатры жүйесі сымсыз желіге қосылмауы мүмкін. Динамикті немесе дыбыс жолағын/үй кинотеатры жүйесін сымсыз желіге қосу үшін Wireless Surround функциясынан бас тартып, оны сымсыз желіге қосыңыз.
- SongPal 4.0 не одан кейінгі нұсқалы болғанда, SongPal қолданбасын реттеуге болады. SongPal туралы қосымша мәліметтерді мына URL мекенжайынан қараңыз.
http://info.songpal.sony.net/help/ - Бұл динамиктегі Wireless Multi-room функциясы пайдаланылғанда, Wireless Surround функциясын орнату (топтастыру) бұл динамикте қолданылмауы мүмкін.

