Сақтық шаралар

Жылы болатын негізгі бөлігі туралы

Егер динамикті ұзақ уақыт бойы пайдалансаңыз, негізгі бөлігі жылы болады. Бұл ақау емес.

Пайдалану кезінде

  • Динамик, ендірілген эквалайзер және корпус тура етіп реттеледі. Бөлшектемеңіз немесе қайта жабдықтамаңыз.
  • Динамикті мына орындарда қалдырмаңыз.
    • Тікелей күн сәулесі түсетін немесе ыстық ұратын орындар
    • Терезелері жабық көліктің іші (әсіресе жазда)
    • Ванна сияқты ылғал орын
    • Шаң мен тозаңы өте көп орын
    • Магнит әсер ететін заттардың қасы (жазылған таспалар, сағаттар, төлем карталары, дискеттер)
    • Қатты дірілдейтін орын
  • Динамикті тегіс бетке қойыңыз.
  • Динамиктің ол жерден құлап қалмайтынына көз жеткізіңіз. Динамиктің қасына құнды заттар қоймаңыз.
  • Динамикті тасымалдаған кезде оның қасына төлем карталары немесе дискеттер сияқты магнит әсер ететін заттарды қоймаңыз.
  • Егер корпус ылғал болса, жуу құралын пайдаланып оны жұмсақ матамен сүртіңіз. Корпусын тазалау үшін алкогольді, бензолды немесе еріткішті пайдаланбаңыз.

Басқалар

  • Нұсқаулықты оқығаннан кейін сұрақтарыңыз болса, жақындағы Sony дилеріне хабарласыңыз.
  • Динамикті пайдалану немесе тастау кезінде оның барлық параметрлерін зауыттық әдепкілерге орнату үшін баптағаныңызды тексеріңіз.

MAC мекенжайы динамиктің төменгі сыртқы бөлігінде орналасады.

MAC1: сымды желілерге арналған MAC мекенжайы

MAC2: Wi-Fi желілеріне арналған MAC мекенжайы