Компьютеріңізді смартфоннан, iPhone құрылғысынан және тағы басқа құрылғылардан басқару құралы ретінде орнату (Windows 8.1)
Үй желісіндегі смартфон, iPhone және тағы басқа құрылғылар сияқты басқару құралы пайдалану арқылы үй желісіндегі және Windows 8.1 жүйесіндегі компьютерде сақталған музыканы динамикпен ойната аласыз.
Windows 8.1 жүйесіндегі компьютерді смартфонға, iPhone және тағы басқа құрылғыларға SongPal бағдарламасын жүктегеннен кейін іске қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
- Start экранның төменгі сол жағындағы
белгішесін басыңыз немесе түртіңіз. - [Windows Media Player] таңдаңыз.
- [Stream] басыңыз немесе түртіңіз де, [More streaming options] тармағын таңдаңыз.
Егер [More streaming options] пайда болмаса, [Turn on media streaming...] тармағын таңдаңыз. Содан кейін [Media streaming options] экранындағы [Turn on media streaming] белгішесін таңдаңыз.
- Егер барлық құрылғыларға рұқсат етілсе, [Next] таңдаңыз.
Егер барлық құрылғыларға рұқсат етілмесе, [Allow All] таңдаңыз, содан кейін [Allow All Media Devices] экраны пайда болады.
[Allow all PCs and Media Devices] таңдаңыз.
- [Music] мәнінің [Shared] етіп орнатылғанын тексеріңіз де, [Next] таңдаңыз.
- Экранды жабу үшін [Finish] таңдаңыз.
- [Stream] таңдаңыз да, [Automatically allow devices to play my media...] ұяшығына белгі қойылғанын тексеріңіз.
Орнату аяқталды. Компьютеріңізде сақталған музыканы смартфонды, iPhone құрылғысын пайдалану арқылы тыңдай аласыз.

