Бірнеше динамикпен тыңдау (SongPal Link)
Сүйікті музыкаңызды әр түрлі стильдерде сымсыз динамиктер арқылы тыңдай аласыз.
Үйлесімді модельдері
SongPal Link және Wireless Surround және Wireless Stereo функциялары үшін үйлесімді модельдер туралы қосымша мәліметтерді төмендегі URL мекенжайынан қараңыз.
SongPal Link мүмкіндіктері
Wireless Multi-room, Wireless Surround және Wireless Stereo функциялары қолжетімді.
Функцияларды ауыстырып қосу үшін пайдаланып отырған функцияңыздан бас тартып, басқа функцияны іске қосыңыз. Функциядан бас тарту үшін SongPal функциясын іске қосыңыз. Wireless Surround функциясы немесе Wireless Stereo функциясы үшін дыбыстық сигнал естілгенше, динамиктің артындағы SET UP түймесін басып тұру арқылы да функциядан бас тартуға болады. L/R индикаторлары өшеді де, функциядан бас тартылады. Топтастырудан да бас тартылады.
Ескерту
- Компьютерге сақталған музыканы ойнату үшін сервер (DMS) функциясы компьютерде қажет етіледі. Толық ақпаратты компьютердің пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
- Үй желісінің сервер құрылғысындағы музыка файлдарын ғана ойнатуға болады. Бейне файлдарының дыбысын ойнату мүмкін емес.
Музыканы бір уақытта бірнеше бөлмеде ойнату (Wireless Multi-room)
Динамиктерді топтастыру арқылы бөлмелеріңізді бір музыкамен бір уақытта толтыруға болады.
Компьютерге сақталған музыка немесе NAS үшін әр динамиктен әр түрлі әндер де тыңдауға болады.*
Таңдаулы динамик тобының параметрлерін сақтауға болады.
Wireless Multi-room функциясы (мысалы, топтастыру және топты ойнату) туралы қосымша мәліметтерді мына URL мекенжайынан қараңыз.
* Смартфонға не планшетке сақталған әр түрлі әндер әр динамиктен шықпауы мүмкін.
http://info.songpal.sony.net/help/

Динамикті артқы динамик ретінде пайдалану (Wireless Surround)
Қосымша динамиктердің көмегімен одан да жақсырақ көлемдік дыбысты тыңдаңыз.
Қосымша мәліметтерді «Бұл динамикті артқы динамик ретінде пайдалану (Wireless Surround)» бөлімінен қараңыз.

Екі динамикті пайдалану (Wireless Stereo)
Кеңірек стереодыбыс жасау үшін екі динамикті бірге жұптастырыңыз.
Қосымша мәліметтерді «Екі динамикті қосу (Wireless Stereo)» бөлімінен қараңыз.


