Wi-Fi қосылымы арқылы желіге қосу мүмкін емес
- Сымсыз маршрутизатор/кіру нүктесінің қосулы екенін тексеріңіз.
- Динамик Wi-Fi желісіне қосылғанда, сымсыз маршрутизаторды/кіру нүктесін және динамикті бірге жақын орналастырып, орнатуды қайта орындаңыз.
- Смартфонда, iPhone құрылғысында және тағы басқа құрылғыларда SongPal бағдарламасы арқылы Wi-Fi желісін реттеген кезде смартфонды, iPhone құрылғысын және тағы басқа құрылғыны алдымен Wi-Fi желісіне қосыңыз.
- Динамикке сатылатын LAN кабелін жалғамаңыз. Егер сатылатын LAN кабелі динамикке жалғанса, динамик автоматты түрде сымды желіге қосылады.
- Сымсыз маршрутизатор/кіру нүктесінің параметрлерін тексеріңіз. SSID байқалмайтын режимінің сымсыз маршрутизаторда өшірулі мәніне қойылғанын тексеріңіз. Сымсыз маршрутизатор параметрлері туралы толық мәлімет алу үшін оның пайдалану нұсқауларын қараңыз.
- Динамикті сымсыз маршрутизаторға жақынырақ орналастырыңыз. Микротолқынды пеш, BLUETOOTH немесе сандық сымсыз құрылғы, т.б. сияқты 2,4 ГГц жиілік ауқымын пайдаланатын құрылғылар Wi-Fi байланысына кедергі жасауы мүмкін. Динамикті осындай құрылғылардан алшақ жылжытыңыз немесе оларды өшіріңіз.
- Динамик IEEE 802.11ac қолдамайды. Оны 2,4 ГГц ауқымына (11b, 11g және 11n) немесе 5 ГГц ауқымына (11a және 11n) қосыңыз.
- Бірнеше үй желісі бар. Компьютер мен смартфон динамиктен басқа желіге қосылады.
- Егер параметрлер дұрыс болса, келесі әрекетті байқап көріңіз.
- Сымсыз маршрутизаторды/кіру нүктесін өшіріңіз де, біраз күтіп, қуатты қайта қосыңыз.
- Динамикті өшіріп, біраз күтіп, қуатты қайта қосыңыз.

