Интернет ағыны қызметі арқылы музыка тыңдау (Google Cast)

Интернетте смартфон, iPhone құрылғысы арқылы орнатылған SongPal бағдарламасымен түрлі ағында ойнату қызметтеріндегі музыканы тыңдай аласыз.

Google Cast қосылған музыка қызметі бағдарламасын жүктеуіңіз керек.

Егер Google Cast қосылған музыка бағдарламасын орнатсаңыз, -қадамға өтіңіз. Google Cast әлі орнатпасаңыз, төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Google Cast туралы толық мәлімет алу үшін келесі URL мекенжайына өтіңіз:

http://www.google.com/cast/audio/learn/

Бағдарламаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.

  1. Бағдарламаны іске қосу үшін, смартфоныңыздағы, iPhone және т.б. құрылғыдағы [SongPal] түртіңіз.

    SongPal

  2. [SRS-ZR5] түртіңіз.

  3. [Settings] түртіңіз.

  4. [Google Cast] түртіңіз.
  5. [Learn how to cast] түртіңіз.
  6. Нұсқаулықты қараңыз, содан кейін смартфонға/iPhone құрылғысына Google Cast қосылған бағдарламаны тауып орнатыңыз.
  7. Google Cast қосылған бағдарламасын іске қосыңыз.
  8. Cast түймесін түртіңіз, содан кейін [SRS-ZR5] түртіңіз.

  9. Google Cast қосылған бағдарламада тректі таңдап ойнатыңыз және дыбыс деңгейін реттеңіз.

    Музыка динамиктен естіледі.

Ескерту

  • Еліңізге не аймағыңызға байланысты, музыка қызметтері мен олардың қолжетімділік уақыты өзгеруі мүмкін. Белгілі бір қызметтер үшін бөлек тіркеу қажет етіледі. Құрылғыны жаңарту талап етілуі мүмкін.
  • Кейбір жағдайларда динамикті музыка қызметі арқылы белсендіру қажет болуы мүмкін. Егер динамикті іске қоссаңыз, музыка қызметтерін пайдалануыңызға болады. Музыка қызметінің бағдарламасындағы немесе SongPal нұсқауларын орындаңыз.
  • Үшінші тарап ұсынатын қызметтер өзгертілуі, уақытша тоқтатылуы немесе алдын ала ескертусіз тоқтатылуы мүмкін. Sony осы үшін ешқандай жауапкершілік артпайды.