USB флэш дискісін қосу
USB флэш дискісін USB портына (
) тікелей қосуға болады.
Сонымен қатар, USB құрылғысын қосу үшін, сатылымда бар USB кабелін пайдалана аласыз.
USB портына (
) қосылған USB флэш дискісінде сақталған музыканы SongPal орнатылған смартфон, iPhone және т.б. құрылғымен ойнатуға болады.
- USB флэш дискісін USB портына (
) қосыңыз.

Ескерту
- USB флэш дискісін пайдалану кезінде ажыратпаңыз. Деректердің зақымдалуының алдын алу үшін, ойнатуды тоқтатып, содан соң USB флэш дискісін ажыратудан бұрын динамикті қуат көзінен ажыратыңыз.
- Sony динамикке қосылған USB флэш дискісіндегі деректердің жоғалуына не зақымдалуына жауапты емес.
- USB хабы немесе USB ұзартқыш кабелі пайдаланылса, Sony дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.

