USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту (желі арқылы жаңарту сәтсіз аяқталғанда)

Егер (қуат) индикаторы қызыл түспен жыпылықтаса және UPDATE индикаторы қызғылт сары түспен жыпылықтаса, бағдарламалық құралды жаңарту орындалмады. Мұндай жағдайда, динамик ешқандай әрекеттерге жауап бермейді және функцияларды пайдалану мүмкін емес (қуат)/ PAIRING түймесін қоспағанда. Динамиктің күйін тексеру үшін келесі процедураны орындаңыз, содан соң тиісті әдіспен бағдарламалық құралды жаңартыңыз.

  1. Динамикті өшіру үшін (қуат)/ PAIRING түймесін басыңыз, содан соң динамикті қосу үшін оны басыңыз.
  2. Шамамен үш минут күтіңіз (не болмаса желі байланысы орнатылғанша), содан соң UPDATE индикаторының және (қуат) индикаторының күйін тексеріңіз.
    • UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жанғанда: Жаңарту аяқталмады, бірақ динамикті қалыпты түрде пайдалануға болады. Динамикті қайта өшіріңіз, содан соң USB флэш дискісі арқылы бағдарламалық құралды жаңартуды аяқтау үшін, келесіні қараңыз.

      3-жаңарту әдісі: USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту

    • UPDATE индикаторы қызғылт сары түспен жыпылықтағанда және (қуат) индикаторы қызыл түспен жыпылықтағанда (динамикті қайта қосудан бұрынғы жағдай сияқты): Жаңарту мүмкін болмады және динамикті пайдалану мүмкін емес. USB флэш дискісі арқылы жаңарту үшін, келесі қадамға өтіңіз.

      Жаңарту процедурасы «3-жаңарту әдісі» бөлімінен өзгеше және келесі қадамдар қажет етіледі. Мұндай жағдайда жаңартуды желі арқылы орындау мүмкін емес.

  3. Егер UPDATE индикаторы қызғылт сары түспен жыпылықтаса және (қуат) индикаторы қызыл түспен жыпылықтаса, жаңарту үшін келесі процедураны орындаңыз.
    1. Жаңарту файлын төмендегі веб-сайттан жүктеп алып, оны USB флэш дискісіне сақтаңыз.

      Еуропадағы тұтынушылар үшін:

      http://www.sony.eu/support

      АҚШ тұтынушылары үшін:

      http://esupport.sony.com/US

      Канада тұтынушылары үшін:

      http://esupport.sony.com/CA/

      Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар үшін:

      http://www.sony-asia.com/section/support

    2. Динамикті қайта өшіріңіз.

      Динамикті өшіргеннен кейін келесі қадамдарды қуат қайта қосылғанша үш минутта аяқтаңыз.

    3. USB флэш дискісін динамиктің артқы жағындағы USB портына () қосыңыз.
    4. Динамикті қосыңыз.

      UPDATE индикаторы жыпылықтап, жаңарту автоматты түрде басталады.

      Жаңарту аяқталғанда, UPDATE индикаторы өшеді және динамик күту режиміне не BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде өтеді. Жаңартқаннан кейін динамикті бірінші рет қосқанда UPDATE түймесі үш рет жыпылықтайды.

Тұспал

  • UPDATE индикаторының жыпылықтау саны жаңартудың орындалуына сәйкес өзгереді. UPDATE индикаторы алғашында төрт рет жыпылықтайды және біртіндеп азаяды, содан кейін жаңарту аяқталған кезде өшеді. Жаңарту кезінде динамикті өшірмеңіз.

Ескерту

  • USB флэш-жады арқылы жаңартқанда жаңартуды тоқтату мүмкін емес. Егер жаңарту барысында USB флэш-жады алынса немесе динамик ажыратылса, динамик дұрыс жұмыс істемейді.
  • Әдетте, жаңарту 3-10 минут уақытқа созылады.
  • Жаңарту барысында динамикті пайдаланбаңыз. Сондай-ақ, жаңарту барысында динамикті қуат көзіне және желіге қосулы ұстаңыз.