Музыканы USB флэш жадында тыңдау
USB флэш дискісін USB портына (
) тікелей қосуға болады.
Сонымен қатар, USB құрылғысын қосу үшін, сатылымда бар USB кабелін пайдалана аласыз.
USB портына (
) қосылған USB флэш дискісінде сақталған музыканы SongPal орнатылған смартфон, iPhone және т.б. құрылғы арқылы ойнатуға болады.
- USB флэш дискісін USB портына (
) қосыңыз.
- FUNCTION түймесін USB индикаторы жанғанша қайталап түртіңіз.
Динамик USB режиміне ауысады және USB индикаторы ақ түспен жанады.
- Музыканы ойнату үшін, SongPal бағдарламасын қашықтан басқару құрылғысы ретінде пайдаланыңыз.
- Дыбыс деңгейін реттеу үшін, -/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін түртіңіз.
-/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқанда, дыбыс деңгейін реттеуге байланысты,
(қуат) индикаторы бір немесе үш рет жыпылықтайды.
Ойнату кезінде динамикпен не істеуге болады
Дыбыс деңгейін -/+ (дыбыс деңгейі) түймелері арқылы реттеуге болады.
Тұспал
- SongPal смартфоныңызға, iPhone және т.б. құрылғысына жүктелгенде және орнатылғанда, оны қашықтан басқару құрылғысы ретінде пайдалана аласыз.
Ескерту
- Sony динамикке қосылған USB флэш дискісіндегі деректердің жоғалуына не зақымдалуына жауапты емес.
- USB флэш дискісін пайдалану кезінде ажыратпаңыз. Деректердің зақымдалуының алдын алу үшін ойнатуды тоқтатыңыз да, құрылғыны өшірмес бұрын динамик қуатын өшіріңіз.
- USB хабы немесе USB ұзартқыш кабелі пайдаланылса, Sony дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік бермейді.
- USB флэш дискісін қосқанда, динамик сонда сақталған барлық деректерді оқуды бастайды. Файлдарды оқу біраз уақытқа созылуы мүмкін.
- Операция USB флэш дискісіне байланысты баяу болуы мүмкін.

