Wi-Fi желісі функциясы мен BLUETOOTH желісі функциясын ажырату
Динамикті сыртта пайдалану үшін, Wi-Fi желісі функциясын немесе BLUETOOTH/Желі функциясын ӨШІРУЛІ күйіне орнатыңыз.
Динамик қосулы кезде, динамиктің артқы жағындағы SET UP түймесін басып тұрып, FUNCTION түймесін қайта-қайта түртіңіз. FUNCTION түймесін түрткен сайын, динамиктің күйі өзгереді және индикатор төмендегідей әрекет етеді.
Wi-Fi желісі функциясы ӨШІРУЛІ. (NETWORK индикаторы мен BLUETOOTH индикаторы екі секунд тез жыпылықтайды.)

BLUETOOTH/Желі функциясы ӨШІРУЛІ. (NETWORK индикаторы мен BLUETOOTH индикаторы екі секунд тез жыпылықтайды.)

BLUETOOTH/Желі функциясы ҚОСУЛЫ. (NETWORK индикаторы мен BLUETOOTH индикаторы екі секунд баяу жыпылықтайды.)

