Музыканы құрылғыда BLUETOOTH байланысы арқылы тыңдау
BLUETOOTH құрылғысындағы музыканы BLUETOOTH байланысы арқылы және ол келесі BLUETOOTH профильдерге қолдау көрсеткен жағдайда тыңдап, іске қоса аласыз.
- A2DP (Кеңейтілген дыбыс тарату профилі)
Жоғары сапалы дыбыс мазмұнын сымсыз тыңдауға мүмкіндік береді.
- AVRCP (Дыбысты және бейнені қашықтан басқару профилі)
BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.
BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейі BLUETOOTH құрылғыға байланысты реттелмеуі мүмкін. Сонымен қатар BLUETOOTH құрылғысымен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
Ескерту
- Кенет динамиктен дыбыс қатты шығып кетпеуі үшін, алдымен BLUETOOTH құрылғысының дыбыс деңгейі орташа деңгейге қойылғанына көз жеткізіңіз.
- Динамикті BLUETOOTH құрылғысына жалғаңыз.
BLUETOOTH индикаторы BLUETOOTH байланысы орнатылғанда ақ түспен жанады.

- Дыбыс деңгейін BLUETOOTH құрылғысымен немесе динамиктің -/+ (дыбыс деңгейі) түймесін түртіп реттеңіз.
–/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басқанда, дыбыс деңгейіне байланысты,
(қуат) индикаторы бір немесе үш рет жыпылықтайды.
- BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастаңыз.
Тұспал
- SongPal бағдарламасы смартфонға, iPhone құрылғысына және тағы басқа құрылғыларға жүктеліп, орнатылғаннан кейін смартфонды, iPhone құрылғысын және тағы басқа құрылғыларды динамикке қосылған құрылғыларды басқару үшін қашықтан басқару құрылғысы ретінде пайдалануыңызға болады.
- SongPal құралында BLUETOOTH байланысы арқылы музыканы ойнату функциясы жоқ. Музыканы смартфон, компьютер және т.б. сияқты BLUETOOTH құрылғыңызбен ойнатыңыз.
- BLUETOOTH құрылғысына байланысты қосылған құрылғыдағы дыбыс деңгейін реттеп, дыбыс шығысын орнату қажет болуы мүмкін.
Ескерту
- BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатып, құрылғының дыбыс деңгейін алдын ала азайтыңыз. Жұптастыру аяқталған кезде, динамиктен қатты дыбыс шығуы мүмкін. Әйтпесе, жұптастырылғаннан кейін музыка алғаш рет ойнатылғанда динамиктен кенеттен қатты дыбыс шығуы мүмкін.
- Егер байланыс күйі нашар болса, BLUETOOTH құрылғысы динамиктегі әрекетке кері әсер етуі мүмкін.

