(Windows 7) компьютерімен жұптастыру және қосу
Жұптастыру ақпаратты сымсыз қосылатын BLUETOOTH құрылғыларында өзара тіркеуді талап ететін процесс болып табылады.
Алғаш рет BLUETOOTH байланысын орнату үшін құрылғыны динамикпен жұптастыру қажет. Басқа құрылғыларды жұптастыру үшін осы процедураларды орындаңыз.
Бастамастан бұрын келесіні орындаңыз.
- Компьютерде BLUETOOTH сымсыз функциясының болуына көз жеткізіңіз.
- Компьютерді динамиктен 1 м қашықтықтан асырмай орналастырыңыз.
- Анықтама үшін компьютермен бірге берілген пайдалану нұсқауларын табыңыз.
- Компьютердің дыбыс деңгейін азайтыңыз.
- Динамиктен кенет қатты дыбыс шықпауы үшін компьютерде ойнатуды тоқтатыңыз.
- Компьютердегі BLUETOOTH функциясын іске қосыңыз. BLUETOOTH функциясын іске қосу туралы мәліметтер алу немесе компьютерде BLUETOOTH функциясының болуын растау үшін, компьютердің пайдалану нұсқауларын қараңыз.
- Компьютердің динамигін қосулы күйге орнатыңыз. Егер компьютердегі динамик параметрі дыбыссыз (өшірілген) режимде болса, динамиктен дыбыс шықпайды.
- Егер компьютердегі динамик параметрі дыбыссыз (өшірілген) режимде болса

- Егер компьютердегі динамик параметрі қосулы режимде болса

- Егер компьютердегі динамик параметрі дыбыссыз (өшірілген) режимде болса
- Динамикті қосыңыз.
(қуат) индикаторы жасыл түспен жанады. - FUNCTION түймесін BLUETOOTH индикаторы жыпылықтағанша қайта-қайта түртіңіз.
Динамик BLUETOOTH режиміне өтеді.

- Сатып алғаннан кейін динамикті алғаш рет қосқанда, жұптастыру ақпараты динамикке сақталмайды. Мұндай жағдайда, тек динамикті BLUETOOTH режиміне қою арқылы BLUETOOTH индикаторы тез жыпылықтай бастайды және динамик жұптастыру режиміне автоматты түрде өтеді. Содан соң,
-қадамға өтіңіз. - BLUETOOTH режимін қосқан кезде, динамик соңғы қосылған BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнатуға әрекеттенеді. Егер құрылғы жақын арада болса, BLUETOOTH байланысы автоматты түрде орнатылады және BLUETOOTH индикаторы жанған күйде қалады. Мұндай жағдайда, BLUETOOTH құрылғысындағы BLUETOOTH функциясын өшіріңіз немесе BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
- Сатып алғаннан кейін динамикті алғаш рет қосқанда, жұптастыру ақпараты динамикке сақталмайды. Мұндай жағдайда, тек динамикті BLUETOOTH режиміне қою арқылы BLUETOOTH индикаторы тез жыпылықтай бастайды және динамик жұптастыру режиміне автоматты түрде өтеді. Содан соң,
- Динамикті жұптастыру режиміне орнатыңыз.
(қуат)/
PAIRING түймесін динамиктен дыбыстық сигнал шыққанша және BLUETOOTH индикаторы тез жыпылықтай бастағанша басып тұрыңыз.
- Компьютерде жұптастыру процедурасын орындаңыз.
- [Start] түймесін, сосын [Devices and Printers] опциясын басыңыз.
- [Add a device] түймесін басыңыз.
- [SRS-ZR5] сонан соң, [Next] түймесін басыңыз.

Егер кілтсөз* қажет болса, «0000» енгізіңіз.
Егер экранда [SRS-ZR5] пайда болмаса, процедураны
-қадамнан қайталаңыз.* Кілтсөз «Құпия код», «PIN коды», «PIN нөмірі» немесе «Құпия сөз» деп аталуы мүмкін.
- Келесі экран көрсетілгенде, [Close] түймесін басыңыз.
Компьютер үшін драйверді орнату басталады.

Орнату кезінде, [
] белгісі [SRS-ZR5] белгішесінің төменгі сол жағында көрсетіледі.[
] таңбасы өшкенде, драйверді орнату аяқталады. 5-қадамға өтіңіз.
Компьютерге байланысты, орнатуға уақыт кетуі мүмкін. Драйверді орнатуға көп уақыт кетсе, динамик күту режиміне автоматты түрде өтеді. Мұндай жағдайда, динамикті қайта іске қосыңыз.
- [Devices] [SRS-ZR5] опциясын екі рет басыңыз.

- [Listen to Music] түймесін басыңыз.

Байланыс орнатылғанда, құсбелгі көрінеді.

- Динамиктегі BLUETOOTH индикатордың жыпылықтаудан жанып тұруға өзгергенін тексеріңіз.
BLUETOOTH байланысы орнатылғанда, BLUETOOTH индикаторы жанған күйде қалады. Музыканы компьютерден ойнатуға болады.
Тұспал
- Жоғарыда түсіндірілген процедура тек нұсқаулық үшін. Мәліметтер алу үшін компьютермен бірге берілген пайдалану нұсқауларын қараңыз.
- BLUETOOTH байланысы орнатылғанда жұптастыруды орындауға не басқа BLUETOOTH құрылғысына қосуыңызға болады. Осы жағдайда алдыңғы байланыс ажыратылады.
- SongPal құралында BLUETOOTH байланысы арқылы музыканы ойнату функциясы жоқ. Музыканы смартфон, компьютер және т.б. сияқты BLUETOOTH құрылғыңызбен ойнатыңыз.
- Егер компьютерде BLUETOOTH функциясы болмаса, сатылымда бар BLUETOOTH адаптерін компьютерге қосу қажет болады.
Ескерту
- BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды тоқтатып, құрылғының дыбыс деңгейін алдын ала азайтыңыз. Жұптастыру аяқталған кезде, динамиктен қатты дыбыс шығуы мүмкін. Әйтпесе, жұптастырылғаннан кейін музыка алғаш рет ойнатылғанда динамиктен кенеттен қатты дыбыс шығуы мүмкін.
- Динамиктің жұптастыру режимі шамамен 5 минуттан кейін ажыратылады және BLUETOOTH индикаторы баяуырақ жыпылықтайды. Дегенмен, жұптастыру ақпараты динамикте сақталмаса немесе сатып алғаннан кейін динамикті алғаш рет қосқанда, жұптастыру режимі ажыратылмайды. Жұптастыру режимі процесті аяқтаудан бұрын ажыратылса,
-қадамнан бастап қайталаңыз. - BLUETOOTH құрылғылары жұптастырылғаннан кейін, келесі жағдайлардан басқа кезде оларды қайта жұптастырудың қажеті жоқ:
- Жұптастыру ақпараты жөндеуден, т.б. кейін жойылды.
- Динамик 9 құрылғымен жұптастырылған және басқа құрылғыны жұптастыру қажет.
Динамикті 9 құрылғымен жұптастыруға болады. 9 құрылғы жұптастырылғаннан кейін жаңа құрылғы жұптастырылса, ескі байланыс уақытымен жұптастырылған құрылғы жаңасымен ауыстырылады.
- Динамикпен жұптастыру ақпараты BLUETOOTH құрылғысынан жойылған.
- Динамик қосылады.
Барлық жұптастыру ақпараты жойылады. Егер динамикті инициализацияласаңыз, ол iPhone/iPod touch немесе компьютерге қосылмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, iPhone/iPod touch немесе компьютердегі динамиктің жұптастыру ақпаратын өшіріп, жұптастыру процедурасын қайта орындаңыз.
- Динамикті бірнеше құрылғылармен жұптастыруға болады, бірақ бір уақытта тек бір жұптастырылған құрылғыдан музыка ойнатуға болады.
- Бұл динамиктің кілтсөзі – «0000». Егер BLUETOOTH құрылғысында «0000» басқа кілтсөз орнатылса, динамикпен жұптастыру мүмкін болмайды.

