2-жаңарту әдісі: Интернет арқылы қолмен жаңарту
Динамик интернетке сымды немесе Wi-Fi желісі арқылы қосылған кезде және динамик жаңа бағдарламалық құрал нұсқасын тапқанда динамиктегі UPDATE түймесі қызғылт сары түспен жанады. (UPDATE индикаторы әдетте өшірулі.)
Мұндай жағдайда бағдарламалық құралды ең соңғы нұсқасына дейін жаңарту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Жаңарту басталғанда қандай да бір ойнап жатқан музыка тоқтайды. Сондай-ақ, қандай да бір BLUETOOTH қосылымы ажыратылады.
- UPDATE индикаторы қызғылт сары түспен жанған кезде дыбыс шыққанша UPDATE/WPS түймесін басып тұрыңыз.
Жаңарту басталған кезде UPDATE индикаторы қызғылт сары түспен жыпылықтайды.
Жаңарту барысында динамикті пайдалану мүмкін емес.
UPDATE индикаторы өшеді және жаңарту аяқталған кезде динамик күту режиміне не BLUETOOTH/Желі күту режиміне автоматты түрде өтеді.
Жаңартқаннан кейін динамикті бірінші рет қосқан кезде UPDATE индикаторы қызғылт сары түсте үш рет жыпылықтайды.
Егер жаңарту барысында
(қуат) индикаторы қызыл түсте жыпылықтаса және UPDATE индикаторы қызғылт сары түсте жыпылықтайды
Жаңарту мүмкін болмады.
Егер желі қосылымы сенімді болмаса, жаңарту аяқталуға дейін сәтсіз болуы мүмкін. USB флэш-жады арқылы жаңарту үшін келесі бөлімді қараңыз.
USB флэш-жады арқылы қолмен жаңарту (желі арқылы жаңарту сәтсіз аяқталғанда)
Тұспал
- UPDATE индикаторының жыпылықтау саны жаңарту барысын көрсетеді. UPDATE индикаторы алғашында төрт рет жыпылықтайды және біртіндеп азаяды, содан кейін жаңарту аяқталған кезде өшеді. Жаңарту кезінде динамикті өшірмеңіз.
Ескерту
- Әдетте, жаңарту 3-10 минут уақытқа созылады. Желі ортасына байланысты ұзағырақ уақытқа созылуы мүмкін.
- Жаңарту барысында динамикті пайдаланбаңыз. Жаңарту кезінде динамикті қуат көзіне және желіге қосулы ұстаңыз.
- Интернет арқылы жаңартқанда және UPDATE индикаторы төрт рет жыпылықтағанда UPDATE/WPS түймесін ұстап тұрып жаңартуды аяқтауыңызға болады. (Бұл әрқашан мүмкін емес.) Егер жаңартудан бас тартсаңыз, UPDATE индикаторы жанулы күйде қалады.

