Екі динамикті қосу (Wireless Stereo)
Екі SRS-ZR5 құрылғысын қосып, стерео дыбысты кеңейтіп пайдалануға болады.
Екі SRS-ZR5 қажет.
- Wireless Stereo функциясын пайдалануға дайындық
-
- Динамикті (SRS-ZR5) сымсыз желіге қосыңыз. Сымсыз желі байланысы туралы мәліметтерді «Wi-Fi желі қосылымы әдісін таңдау» бөлімінен қараңыз.
- Бұл динамикте бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасы берілгенін тексеріңіз. Бағдарламалық құрал нұсқасын тексеру жолы туралы мәліметтерді «Желі байланысы арқылы соңғы бағдарламалық құралды іздеу» бөлімінен қараңыз.
Екі динамикті қосу (Wireless Stereo)
- Динамиктерді бір-бірінен 1 м не одан аз арақашықтықта қойып, оларды қосыңыз.
(қуат) индикаторы жасыл түспен жанады. - Әр динамикте NETWORK индикаторы жанғанша, FUNCTION түймесін қайталап түртіңіз.
Екі динамик те NETWORK режиміне өтеді.
- Функцияны реттеуге кірісу туралы ескертетін дыбыстық белгі естілгенше, динамиктердің бірінің артындағы STEREO PAIR түймесін басып тұрыңыз.
L/R индикаторлары жыпылықтайды.
- Қосуға кірісу туралы ескертетін дыбыстық белгі естілгенше, екінші динамиктің артындағы SET UP түймесін басып тұрыңыз.
Алдыңғы қадамда STEREO PAIR түймесін басқаннан, бұл әрекет 30 секундтан кейін аяқталады.
Әр динамикте қай динамиктің сол не оң жағына белгіленгенін хабарлау үшін дыбыстық белгілер шығады да, екі динамик Wireless Stereo функциясымен қосылады.
- Динамикке* қосылған құрылғыда ойнатуды бастап, дыбыс деңгейін реттеңіз.
* LINK индикаторы өшкен немесе қызғылт-сары болып жанған динамикті қолданыңыз.
Wireless Stereo функциясынан бас тарту/басқа функцияларды пайдалану
Wireless Stereo функциясы пайдаланылғанда, басқа функциялар (мысалы, Wireless Multi-room функциясы, Wireless Surround функциясы) қолжетімді болмайды.
Дыбыстық белгі шыққанша, осы динамиктегі SET UP түймесін басып тұрыңыз.
L/R индикаторлары өшеді де, Wireless Stereo функциясынан бас тартылады. Содан кейін топтастырудан да бас тартылады.
Тұспал
- Сонымен бірге Wireless Stereo функциясын SongPal арқылы орнатуға болады.
- Егер сигналдың күші динамиктердің алыс болуынан әлсіресе, байланыстан уақытша бас тартуға болады. Динамиктерді сигнал күшін жеткілікті беретін орынға қойыңыз.
- Байланыстан уақытша бас тартылғанда, динамиктер автоматты түрде қайта қосылады. Бас тартудан кейін қайта қосылуға 10 минут не одан көп уақыт кетсе, Wireless Stereo функциясынан бас тартылады. Келесі жолы Wireless Stereo функциясы пайдаланылғанда, 1-қадамнан бастап іске қосыңыз.
Ескерту
- Wireless Stereo функциясы пайдаланылғанда, динамиктердің бағдарламалық құралды автоматты жаңарту мүмкіндігі іске қосылмайды. Бағдарламалық құралды жаңарту үшін Wireless Stereo функциясынан бас тартып, динамикті сымсыз желіге қосыңыз.
- Wireless Stereo функциясы пайдаланылғанда, динамиктердің біреуі ең соңғы нұсқалы бағдарламалық құралдың бар екенін ескертуі мүмкін (UPDATE индикаторы қызғылт-сары болып жанады). Мұндай жағдайда UPDATE индикаторы қызғылт-сары болып жанған динамиктің бағдарламалық құралын жаңартыңыз. Жаңарту жолдары туралы мәліметтерді «2-жаңарту әдісі: Интернет арқылы қолмен жаңарту» бөлімінен қараңыз. Wireless Stereo функциясын топтастырудан автоматты түрде бас тартылады. Сосын екінші динамикті сымсыз желіге қосып, динамиктің бағдарламалық құралын жаңартыңыз. Жаңарту жолдары туралы мәліметтерді «Желі байланысы арқылы соңғы бағдарламалық құралды іздеу» бөлімінен қараңыз. Екі динамиктің де бағдарламалық құралын ең соңғы нұсқасына жаңартқан соң, Wireless Stereo функциясын қайтадан орнатыңыз.
- Wireless Stereo функциясын орнатардан бұрын, динамиктің STEREO PAIR түймесін басу арқылы оның дыбыс деңгейін төмендетіп қойған жөн. Екі динамиктен Wireless Stereo функциясы үшін дыбыс шығады, сонымен бір динамикпен ойнатуға қарағанда қаттырақ дыбыс шығуы мүмкін.
- SongPal 4.0 не одан кейінгі нұсқалы болғанда, SongPal қолданбасын реттеуге болады. SongPal туралы қосымша мәліметтерді мына URL мекенжайынан қараңыз.
http://info.songpal.sony.net/help/

