SongPal арқылы не істеуге болады

SongPal – смартфоныңыз, iPhone және т.б. арқылы SongPal үйлесімді Sony аудио құрылғыларын басқаруға арналған бағдарлама.

SongPal бағдарламасын Google Play немесе App Store қызметінен іздеңіз және оны смартфонға, iPhone және т.б. жүктеп алыңыз.

SongPal туралы толық мәлімет алу үшін келесі URL мекенжайына өтіңіз:

http://info.songpal.sony.net/help/

SongPal бағдарламасын смартфоныңызға/iPhone құрылғысына жүктеп алу келесіні қамтамасыз етеді.

Динамиктің дыбыс параметрлері

Дыбысты оңай реттеуге немесе Sony ұсынатын «ClearAudio+» параметрін пайдалануға болады.

Музыка қызметі

Музыка қызметтерін* пайдалану үшін бастапқы параметрлерді конфигурациялай аласыз.

*Еліңізге не аймағыңызға байланысты, музыка қызметтері мен олардың қолжетімділік уақыты өзгеруі мүмкін. Белгілі бір қызметтер үшін бөлек тіркеу қажет етіледі. Құрылғыны жаңарту талап етілуі мүмкін.
Үшінші тарап ұсынатын қызметтер өзгертілуі, уақытша тоқтатылуы немесе алдын ала ескертусіз тоқтатылуы мүмкін. Sony осындай жағдайлар үшін ешбір жауапкершілік артпайды.

Үй желісіндегі құрылғыларды бақылау

Желіңіз арқылы компьютеріңізде не үй желісіндегі серверде сақталған музыканы ойната аласыз.

USB арқылы қосылған құрылғыны басқару

Динамиктің USB портына қосылған құрылғыдағы музыканы тыңдауға болады.

Ескерту

  • SongPal арқылы басқаруға болатын элементтер қосылған құрылғыға байланысты өзгешеленеді. Бағдарламаның сипаттамасы мен дизайны ескертусіз өзгеруі мүмкін.