Динамикті BLUETOOTH құрылғысына One-touch функциясымен қосу мүмкін емес (NFC)

  • Егер смартфонда экранды блоктау іске қосылған болса, оны қосу мүмкін емес. Смартфонның экранын блоктаудан бас тартыңыз.
  • NFC үйлесімді құрылғы жауап бергенге дейін NFC үйлесімді құрылғысын динамикке жақын ұстаңыз. Егер әлі де қосылмаса, NFC үйлесімді құрылғысын ақырын динамиктің N-Mark белгісіне жылжытыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
  • NFC-үйлесімді құрылғысының NFC функциясының қосулы күйіне орнатылғанын тексеріңіз.
  • Егер NFC-үйлесімді құрылғысы қаптамада болса, оны алып тастаңыз.
  • NFC қабылдау сезімталдығы құрылғыға байланысты өзгереді. Егер динамикті NFC-үйлесімді құрылғымен бір рет түрту арқылы қоса алмасаңыз, қосылымды экран операциясы арқылы жасаңыз.
  • Құрылғыңыз NFC үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз.
    Мәліметтер алу үшін, келесі URL мекенжайына кіріңіз.

    Еуропадағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony.eu/support

    АҚШ тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/US

    Канада тұтынушылары үшін:

    http://esupport.sony.com/CA/

    Басқа елдердегі/аймақтардағы тұтынушылар үшін:

    http://www.sony-asia.com/section/support